|  |  | 

Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Іле Қазақ автономиялық облысы

Іле Қазақ автономиялық облысы (төте жазу: ىله قازاق اۆتونومىيالى وبلىسى‎, ұйғ. ئىلى قازاق ئاپتونوم ۋىلايىتى / Ili Qazaq aptonom wilayiti, қыт. 伊犁哈薩克自治州, пин-йин: Yīlí Hāsàkè zìzhìzhōu) — Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданына кіретінҚытайдың автономия ішіндегі автономиялық әкімшілік-аумақтық бірлігі. Облыс орталығы – Құлжа (қытай транскрипциясында – Инин) қаласы бірмезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады. Қытайдағы бірден бір орынбасар өлке дәрежелі автономиялы облыс.

Шекараласуы

Іле Қазақ автономиялық облысы Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарымен, Моңғолияның Баян-ӨлгейҚобда аймақтарымен, (Алтай тау жүйесінің орталық биік таулы бөлігі арқылы Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен және Қырғызстанмен шекараласады.

Шекара кеден бекеттері

Іле Қазақ автономиялық облысы 8 кеден бекеті қызмет атқарады:

Әкімшілік аумақтық бөлінісі

Іле Қазақ автономиялық облысы Алтай аймағы (орталығы Алтай қаласы) , Іле аймағы, Тарбағатай аймағы орталығы (Чугучак қаз. Шәуешек қаласы) сынды үш аймақтан құралады. Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар. Шен туралы әкімшілік-аумақтық табельде ІҚАО Шыңжан округтеріне қарағанда жоғары сатыда: оның аймағы мәртебесі жағынан округке тең. Сондықтан облыстық өкімет қосымша қондырғы сияқты және жергілікті билікке мәселені тікелей Үрімшіде шешкен оңай. Үрімшіде бұған кедергі жасамайды, әсіресе 1982-жылы ІҚАО Пекинге ҚХР үкіметіне тікелей бағынуды сұрап, ШҰАА юрисдикциясынан шықпақ болған шешімінен кейін ІҚАО басында облыс үкіметінің төрағасы тұрады, оны қазақша «үкімет төрағасы» емес, «облыс бастығы» немесе «облыс үкіметі бастығы» деп атайды, өйткені төраға Қытайда біреу – ол ҚХР Төрағасы. Аймақты (округті) губернатор басқарады, оны мұнда «әкім» емес, «уәли» деп атайды, ал қала мэрлерін «қала бастығы» деп атайды, есесіне аудан әкімдерін көбінесе «аудан әкімі» деп атайды. 1990 жылға дейін «аудан бастығы» термині қолданылатын. Болыс әкімін көбінесе жайғана «ауылбасы» деп атайды. Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. Қазақтар лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын Іле Қазақ автономиялық облысының Қазақстан үшін маңызы орасан.

Ili mcp.png
# Дәрежесі Атауы Иероглифпен Пиньинь Ұйғыр тілі
(араб шрифт)
Ұйғыр тілі
(латынша)
Халқы
(2003
шамамен.)
Ауданы
(км²)
Халық
тығыздығы
(/км²)
* Аймақ Алтай 阿勒泰地区 Ālètài Dìqū تارباغاتاي ۋىلايىتى Altay Wilayiti 561,667 117,800 5
Аймақ Тарбағатай 塔城地区 Tǎchéng Dìqū تارباغاتاي ۋىلايىتى Tarbaghatay Wilayiti 994.776 104,546 16
1 Қалалық аудан Құлжа 伊宁市 Yīníng Shì غۇلجا شەھىرى Ghulja Shehiri 430,000 629 684
2 Қалалық аудан Хүйтэн 奎屯市 Kuítún Shì كۈيتۇن شەھىرى Küytun Shehiri 300,000 1,171 256
3 Аудан Құлжа 伊宁县 Yīníng Xiàn غۇلجا ناھىيىسى Ghulja Nahiyisi 360,000 4,486 80
4 Аудан Қорғас 霍城县 Huòchéng Xiàn قورغاس ناھىيىسى Qorghas Nahiyisi 360,000 5,466 66
5 Аудан Тоғызтарау 巩留县 Gǒngliú Xiàn توققۇزتارا ناھىيىسى Toqquztara Nahiyisi 160,000 4,124 39
6 Аудан Күнес 新源县 Xīnyuán Xiàn كۈنەس ناھىيىسى Künes Nahiyisi 300,000 7,583 40
7 Аудан Моңғолкүре 昭苏县 Zhāosū Xiàn موڭغۇلكۈرە ناھىيىسى Mongghulküre Nahiyisi 160,000 10,465 15
8 Аудан Текес (аудан) 特克斯县 Tèkèsī Xiàn تېكەس ناھىيىسى Tékes Nahiyisi 160,000 8,080 20
9 Аудан Нылқы 尼勒克县 Nílèkè Xiàn نىلقا ناھىيسى Nilqa Nahiyisi 160,000 10,130 16
10 Шапшал-Сибо автономиялық аудан 察布查尔锡伯自治县 Chábùchá’ěr Xībó Zìzhìxiàn ئاپتونوم يېزىسى چاپچال شىبە Chapchal Shibe Aptonom Nahiyisi 170,000 4,489 38

Халқы

Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. Іле Қазақ автономиялық облысында қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 млн. адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады.

Қытайдағы қазақтардың санының өсу қарқыны айтарлықтай жоғары: 1949 ж. – 443 000-нан көп 1979 ж. – 848 000 шамасында 1982 ж. – 907 000 1985 ж. – 964 000 1990 ж. – 1 200 000 2005 ж. – 1 млн. 296 мыңнан 1 млн. 500 мыңға дейін. Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нәтижесінде 1954 жылы Іле автономиялық облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай округтері кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАА Мори Қазақ аутономиялық ауданы, Баркөл-Қазақ уездерінде, Ганьсу провинциясының Ақсай-Қазақ автономиялық уезінде және аз мөлшерде Пекинде тұрады. ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген, оның 418 000 – Шыңжанда тұрған, бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай провинцияларының аудандарында тұрған. Шыңжанда қазақтар негізінен Алтай, Іле және Тарбағатай (Чугучак) округтерінің аудандарында көшіп жүрді, бұл барша қазақ көштерінің 3/5 бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мурэ-Қазақ автономиялық уезі мен Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы) және Баркөл-Қазақ автономиялық уезінің (Хамий округі) аумағында көшіп жүрген. Әдетте көш рулық негізде құрылатын болған. ШҰАА аумағында қазақтар саны жағынан ханьдар менұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы халықтың 7,4% құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда қытайдағы қазақтардың саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос болып табылатын ІҚАО басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санчжи-Дунган облысындағы Мурэ-Қазақ автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл-Қазақ автономиялық уезі және Ганьсу провинциясындағы Ақсай-Қазақ автономиялық уезі. Цинхай провинциясында Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялық облысы бар, оны көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты автономиялық қазақ болыстары бар. Үрімшінің арғы жағындағы Ганьсу мен Цинхай аумақтарына қазақтар 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен. ІҚАО қазақтары автохтонды халық болып табылады. Бұл аумақты қазақтар жоңғарлармен екі ғасырға созылған күресте қорғап қалды. Басқа елде өмір сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-экономикалық және саяи жағдайда дамыды, қытайдың мәдени ықпалында өмір сүрді. Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері бойынша Қытайдағы қазіргі қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚХР аумағында тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, оның 70% – 1962 жылдан кейін және 50% – «мәдени революциядан» кейін туылғандар. Бұл, бір жағынан, «тууды реттеу» саясатын жүзеге асыруда қытай емес халықтарға жасалған белгілі бір «жұмсақтық» туралы қорытындыны білдірсе, екінші жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп қарайтынының көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін «мәдени революция» кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және оларда жалпы «мәдени революция буындарына» тән психологиялық ерекшеліктердің бәрі бар. Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының мәдени және жалпы білім беру деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі прогреске қарамастан ол төмен күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша алты жастан жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында әртүрлі жоғары оқу орандарының түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1 483; екінші сатыдағы орта мектеп түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта мектеп – 124 781; бастауыш мектеп – 351 272; сауатсыздар мен шала сауаттылар – 203 448 адам немесе автономиялық аудандағы қазақтардың жалпы санының 28,66%, оның ішінде алты жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында – 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Елдің халық шаруашылығында жұмыс істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ халқының 82,58% – жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында шоғырланған; кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659; зауыттар мен фабрикаларда – 3781; құрылыста – 2016; көлік және байланыста – 2224; сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045; мемлекеттік және партиялық органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді [3]. 80 жылдардың басындағы ҚХР қазақтары кәсібі жағынан былай бөлінген: әртүрлі кәсіпорындардың техникалық персоналы – 32 889, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, партиялық және қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлері – 5 821, іс қағаздарын жүргізушілер мен осы санаттағы қызметкерлер – 5 809, сауда қызметкерлері – 3 816, қызмет көрсету саласы қызметкерлері – 4 812, жер өңдеушілер, мал өсірушілер, орманшылар – 219 752, өндіріс жұмысшылары, көлік жұмысшылары және осыған сәйкес санаттағы жұмысшылар – 21 295 немесе ҚХР халық шаруашылығындағы жұмыс істейтін қазақтардың 7,43% ]. 1982 жылдың ортасында ҚХР аумағында тұратын қазақтардың құрылымы және олардың ҚХР-ның 56 ұлты құрылымындағы жағдайы осындай болатын. Өткен реформалар жылында бұл құрылым айтарлықтай өзгеріске ұшырай қойған жоқ; сөз жоқ, ҚХР қазақ халқының мәдени және білім деңгейінің көтерілуі аясындағы әлеуметтік прогресс байқалады. Техника саласындағы ұлттық кадрларды дайындау, ана тіліндегі мектеп білімін одан әрі дамыту және т.б. бұған куә. ҚХР-дағы қазақтардың мәдени және жалпы білім деңгейі өсіп келеді. ІҚАА тұрғындарының көпшілігі Пекин, Шанхай және Қытайдың басқа да ірі қалаларындағы, шетелдерде, соның ішінде Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқып жатқандары да бар. Осыған қарамастан, қазақтардың әлеуметтік те, кәсіби де, саяси да құрылымдары ҚХР қазақ қауымдастығының даму үрдісі туралы куәландыратын және оның келешегін анықтайтын елеулі сапалы өзгерістерге ие болмай отыр. Соңғы уақытта Қазақстан тарапынан қазақтардың бұрынғы өткені туралы мәліметтер бар. Қытайдағы тарихи ескерткіштерге деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты Қытайдағы қазақтардың мұрасын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Мүдде ортақ, өйткені Қытайда ғалым, артист, суретші, музыкант қазақтар тұрады, олар кейбір жобалардың бастамашысы болды және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде. Олардың қатуымен қазіргі кезде кітап басып шығару, тарихи материалдарды жинау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл бағытта Дүние Жүзі Қазақтарының Қауымдастығы белсенді жұмыс жүргізуде. Мысал ретінде «Шыңжандағы қазақ сазгерлері» кітабының әзірленуін келтіруге болады, оның авторы өнертанушы Құлжада Мұхамед, Майра Мұхамедқызының әкесі. Мұнымен қатар белгілі күйшілерге, суырып салма ақындарға арналған шығармашылық кештер өткізіледі, компакт-дискілер шығарылады. Мысалға, Қытайда тұрған күй шебері Бейсенбінің туған күнінің құрметіне арнайы компакт-диск шығарылды. Суырып салма ақын Т.Жолдыұлының 100 жылдығына жас орындаушылардың орындауындағы оның әндері жазылған магнитті таспа әзірленді. Қытайда би өнері өте дамыған. Осыған байланысты Қытайда тұрған атақты Тайыр күйшінің қызы белгілі балетмейстер Нағима Тайырқызының есімін атай кеткен жөн. Ол көптеген талантты бишілерді тәрбиеледі. Н.Тайырқызы Алматы қаласына келіп тұрады, онда облыстық филармонияда сабақ береді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және СІМ белсенді сыртқы саяси курсы нәтижесінде Қытай тарапының позициясында Қазақстанның саясатына деген белгілі түсіністік байқалады. Елшілік отандастарға Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы объективті ақпарат береді, оларды қызықтыратын көші-қон, демографиялық процестерді реттейтін нормативтік актілерді түсіндіреді. Соңғы жылдары Қытайда жергілікті билік органдарында қазақ тілінің қолданылу аясы тарылып келеді, ұлттық мектептер жабылуда. Біздің отандастарымызды Пекиннің бала тууын шектеу саясаты да алаңдатуда, ол қазақ халқының өспей қалуына әкеп соғады.
Қазақстан-Қытай шекарасының бойында өзінің үкіметі, жергілікті басқару органдары, қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі газеттері, радио және телевидениесі бар Іле-Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО) Қазақстанмен тұтастай шектесіп жатыр. ҚХР конституциясы бойынша автономиялардағы бірінші әкімшілік лауазымдарды лауазымды этностың өкілдері иеленуі тиіс, ІҚАО бұл қазақтар (аудандықтан бастап қалалық буынға дейінгі парткомның бірінші хатшысы лауазымына бұл қағида жүрмейді). Қазақтардың басым үлес салмағы білім беру, мәдениет, өнер, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ партиялық-мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында байқалады. Аз кездесетіні – ғылымға негізделген салалар мен өнеркәсіптік, әсіресе ірі кәсіпорандарда.

Related Articles

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Осы уақытқа дейін құпия сақталып келген 106-қазақ атты әскер дивизиясының деректері енді белгілі бола бастады. 1942 жылы дивизия Ақмолада жасақталыпты. Әскери шала дайындықпен жасақталған дивизия 1942 жылдың мамырында, Харьков түбіндегі қоршауды бұзып шығуға бұйрық берер алдында, 4091 сарбазға 71мылтық, яғни 7 адамға бір мылтық және бәріне 3100 жарылғыш оқ –дәрі бәріліпті. Қазақ боздақтарын қарусыз жалаң қылышпен өлімге жұмсауы – «Гитлермен салыстырғанда Сталин солдаттарды өлімге 8 есе көп жұмсадының» айғағы (Михаил Гареев, Әскери академиядан.2005 жыл). “Төртінші билік» газетінің 2016 – жылғы мамырдың 28-жұлдызындағы санында шетелдік архивтерден алынған видеосюжеттегі 106-атты әскер дивизиясы жөніндегі неміс офицерінің айтқаны: «Не деген қырғыз (қазақ) деген жан кешті батыр халық, атқа мініп, ажалға қаймықпай жалаң қылышпен танктерге

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: