|  | 

Тұлғалар

Қазақтар ғана төре тұқымын Шығңғыс ханнан бері қастерлеп келеді.

Shingishan7“Шыңғыс хан қоңыраттың қызы Бөртеге үйленген еді. Қоңыраттар қазақты құрап отырған үлкен руларымыздың бірі. Олардың 95 пайызы Қазақстанда тұрады. Қағанның өзі керейдің ханы Тоғырылды өкіл әке санаған. Керейлер де қазақтың белді руы. Өткен жылдары сол ескімоңғол тіліне лингвистикалық сараптама жасаған Хасен Қажахмет ағамыз «Бұл қазіргі қазақтардың тілі» деген қорытындыға келген болатын. Халхалар ордалықтарды өздерінің тілдерінде сөйлеген деп соғады. Бірақ, тарихи құжаттар мен ескі бұйымдардың барлығында, тіпті, Шыңғыс қағанның кезіндегі барлық әлеуметтік, әскери атаулар, қалалардың аттары мен теңгелеріне дейін түгел түрік тілінде жазылған. Олардың көбінде Алланың аты аталыпты. Құбылаймен кездескен Марко Поло да ханның өзімен «түрік тілінде сөйлескенін» жазған. Ханның өзі астанасын қаншама қытай-тұңғыстың ішінде отырса да, олардың тілін бұратып «Ханбалық» деп атаған. Туған бауырының есімі Арық Бұқа еді. Бәрі таза түрік тілінде. Айтпақшы, тілі келмеген жергілікті тұрғындар астананы «Дада» деп атаған екен. Қытайлардың «Р» әрпін айта алмайтынын ескерсек, бұдан өзіміздің «дадар» (татар) деген сөз шығады. Жақында Күйік ханның Рим папасына жазған хатын жариялады ғой. Бір қызығы, онда да «моңғол» ханы түрік тілінде ғана сөйлейді. Рашид ад-Дин де маңғыттар мен қоңырат сияқты бірнеше түрік руын ғана «мағұлдар» деп атап өткен. Керей, жалайыр, қият, меркіт, найман, бұлардың барлығы «мағұлдары» (Бөрінің балалары) деп аталды. Бөрі түріктің ғана тотемі! Айтпақшы, орта ғасырда Поляк әскерінің құрамында “Найманская хоругвь» деп аталатын мағұлдардың арнайы жасағы болған екен. «Хоругвь» деген өзіміздің «қорық» (қорғау) деген сөзден шыққан. Ал наймандардың қазақ екені бәсенеден белгілі. Олар бүгінгі спецназдардың рольін атқарыпты. Ордалықтардың кезінде Еропаны шаңдатып, сол Польшада тұрақтап қалған арғы бабалаларымыз ғой. Орыстар осы «хоругвий» деген сөзді қазір әулиелеріне қатысты қолданады. Плано Карпини де қазақтар «Сайын хан» деп атаған Бату ханның өзін ордаға, Күйік ханға аттандырып, қасында екі татарды қосып жібергенін жазады. Еуропалықтар сол уақытта барлық «мағұлдарды» татарлар деп атаған. Ал қыпшақтарды «құмандар» деп жазады. Батуға дейін Рубрук «мағұлдарды» бірде татарлар, енді бірде моалдар деп атап өтеді. Ол да құман-қыпшақтармен бұларды аса араластырмай, ара-жігін ажырата білген. Халхалар туралы бірде-бір сөз жоқ. Оның қасына да түрік тілінде сөйлейтін екі адамды қосып ордаға жібереді. Сондықтан Шыңғыс қаған халха-моңғол болмаған. Орда түгелдей түрік тілінде сөйлеген. Оған сол кезден жеткен “Алтын Дәптер” анық дәлел бола алды. Чингизидтердің көбі де қазақтың арасында ғана қалды. Және қазақтар оларды басына көтеріп, өздерінің заңды ханы санаған. Қаншамаса қазақ хандығы үшін басын бәйгеге тігіп, майдан даласында шәһит болып кетті. Қазіргі халхалар төре тұқымын қырып тастаған. Себебі орларды жат бауыр санаған. Қазақтар ғана төре тұқымын Шығңғыс ханнан бері қастерлеп келеді. Халхалардың орас, торгаут, хошимиут, дюрбет, баргуатт, дарынга, узумчун, харчин, баят, захчин, опет сияқты руларының бірде-біреуінің аты ескі жазбаларда аталмайды. Орданың діні де түріктердің нанымынан туған Тәңіршілдік еді. Кейін ол біртіндеп мұсылмандыққа ауыса бастады. Тағдырдың жазуымен сол кездегі әлемдік өркениеттің орталығын қолдарында ұстаған «мағұлдар» біртіндеп осы мәдениетке бойұсынады. Бұл кезде жұрттың бәрі заманақыр келді деп қатты уайымға беріліп кеткен болатын. Бірақ Алла Тағала батыр бабаларымыздың пешенесіне мұсылман болуды бұйырыпты. Дін өкілдері мен сарайдағы оқымыстылар «моңғолдардың» сол тұстағы биліктегі тобына уағыз жүргізетін. Жаратқанның әмірімен, олар біртіндеп Исламға ықыласпен қарай бастайды. Осы керемет оқиғаны көзімен көрген Ибн Қасир былай деп тебірене жазды: «Биыл 694 жылы Шыңғыс ханның шөбересі Қазан тақта отырып, Әмір Таузының көмегімен Исламды қабылдады. Онымен бірге барлық ордалықтар мұсылман болды. Сұлтан дінге кірген күні қолдағы алтын, күміс пен жақұттан садақа үлестірілді. Өзіне «Мақмұт» деген мұсылман есімін таңдап алған сұлтан жұма күні мешітке барып бұқарамен бірге намазға қатысты. Тәркіленген мүліктің барлығы Бағдат пен оның төңірегіндегі өз иелеріне қайтарылып, әділ төрелік жасалды. Жұрт Бұрындары қайқы қылыш қана ұстаған қаһарлы «мағұлдардың» тәспі тартқанын көріп, Алланың құдіреті мен жомарттығына мадақ айта бастады»….

Жолымбет Мәкіш

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: