|  | 

Жаңалықтар

Болат Бопайұлы: Қазақтың ырымдары – Заңға дейінгі заң (ФОТО)

Жақында Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мәдени орталығында «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы және «Қазақстан және Орта Азия отбасы институты» ЖМ-ның ұйымдастыруымен жазушы-этнограф Болат Бопайұлының «Қазақ кәдесі» және «Қазақ наурызнамасы» атты қос кітабының тұсаукесері өтті.

Талай жылдардн бері қазақтың дәстүрі мен ырым-тыйымдарын, қазақ күнтізбесі мен амалдарын тереңдей зерттеп жүрген этнографтың «Қазақ кәдесі» атты кітабында қазақ халқының бүкіл болмысына қатысты дәстүрі қысқа да, нұсқа етіп баяндалады. Автор осы кітабында қазақтың кең дастарханы жайлы сөз қозғап, ұлттық ас мәзірлері мен оған қатысты жоралғыларды жазады. Торқалы той мен әртүрлі кәделерді қамтиды. Ырымдар мен ғұрыптарды да қағыс қалдырмайды. Оны айтуынша, бір ғана ұлттық тағам ет тартудың өзінің 32 кәделі түрі бар екен. Мысалы, құдаға кәделі асы ретінде қойдың бас-жамбасын, кәрі жілік, ортан жілігін және жауырыны мен сүбе қабырғасын, арқасы мен белдемесін, қарын мен тоқ ішегін және құйрық-бауырын қосып асуға болады. Ал күйеу жігітке тартылатын етке асық жілік, төс, ортан жілік, сүбе қабырға, арқа, белдеме, қарын, тоқ ішек қосылады деп баяндайды автор.

«Қазақтың ырымдары – Заңға дейнігі заң, қазақтың ғылымы, отбасы оқулығы. Соның ішінде дастархан мәдениетінің өзінен үлкен тәртіп пен қағиданы көре аламыз. Бір ғана ет тартудың өзінің 32 кәделі түрі бар. Мысалы, қазақтың ет тарту салтындағы үлкен сыйдың бірі – «кежім» кәдесі. Оны халқымыз өте сыйлы қонақтарды күткенде дайындайтын болған. «Кежім» кәдесіне сойылған қойдың бас-сирағынан тартып тұтас етін қосады. Төсінің етегін үлкен қылып, ойып-пішіп тұздайды да істіктерге керіп сексеуілдің шоғына қақтайды. Қойдың асылған барлық мүшелері үлкен табаққа немесе астауға салынып, ең үстіне малдың басы қойылады. Оның үстін қақтап пісірілген төстікпен жауып, бас тұрған жақ тұсын тіліп қояды. Аттың кежіміне ұқсатып дайындалатындықтан қазақ бұл ұлттық тағамның түрін «Кежім» деп атаған. Баяғыда Абайдың әкесі Құнанбай қажы қазіргі Қытай жеріне сапарлай барғанда Қабадағы Шәку деген байдың үйіне қонақ болып, осы «Кежім» табақтан тұңғыш рет дәм татқан екен»,-дейді ұлттық ас мәзірлерінің жеке-жеке ерекшеліктеріне тоқталған Болат Бопайұлы.
Тұсаукесерге жиналған оқырмандардың ұлттық ғұрып-әдеттерге қатысты сауалдарына тәптіштей жауап қайтарған жазушы бүгінгі жаңа қоғамда кейде өзгенің қаңсығын таңсық қылып алатынымызды сынға алып, той салттары мен күнделікті ырым, қағидаттардың ежелден келе жатқан үлгісін ортаға салды.

Наурыз мерекесінің тойлануы мен қазақ күнтізбесіндегі оның орны жайлы баяндалған «Қазақ наурызнамасы» кітабын таныстырған автор былай деді:
«Христиандарда ұлы мерке Рождество, будда дініндегілерде Шаған, мұсылмандарда Наурыз. Бірақ, араб елдерінде Наурыз мереке деп қабылданбаса да, бұл мұсылмандыққа тән тазалық пен ізгілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Ата-бабаларымыз Наурызды уыз мереке деп атаған. Наурыз сөзі көп ғалымдардың айтуынша парсы тілінен аударғанда «жаңа күн», «жаңа жыл» деген мағынаны білдіреді деп жүрміз ғой. Әрине, дұрыс, бірақ жаттанды сөздер. Байырғы қазақтар көктемнің осы айын уыз айы деп неге атаған? Өйткені осы айда төрт түлік мал төлдейді, халықтың аузы аққа тиеді, малдың аузы көкке тиеді. «Уыз – сүт сұлтаны, ақ ұлтаны», «уызға жарымаған өмірі ештеңеге жарымайды» деген мақал осындайдан қалған. Наурыз дейік, уыз дейік, бұл ұлттар мен ұлттарды, ұлыстарды жақындастыратын – алтын арқау, күміс тұтқа».
Сондай-ақ, осымен негіздес қазақтың күнтізбелік амалдарын да тереңдей зерттеп жүрген этнограф амал есебіне қатысты ойын да ортаға салды.
«Бүгінде дүниежүзі Григориян күнтізбесі бойынша жүреді. Сондай-ақ Хамалия және Шәмси деген, яғни ай есебі, күн есебі деген күнтізбелер бар. Мұсылмандар ай есебімен жүреді. Біздің халқымыз күн есебін дұрыс деп санаған. Халқымыз ежелден ен дала төсінде малын баға жүріп бұлттың көшуіне, жұлдыздардың жымыңдауына, аңдардың ағылуына қарап ауа райын болжай білген. Қазақ күнтізбесінде 24 амал, он үш тоғыз, табиғаттағы үлкен 7 белгісі, 13 мүшел жыл, бір ғасыр деген ұғымдар бар. Мысалы, «Әз болмай, мәз болмайды, шағала келмей, қаз болмайды» дейді қазақ. «Таразы туса таң салқын, тары бидай піседі», «сүмбіле туса, су суыр» деп жұлдыздардың орналасуына орай күннің жылы, суытатынын, жауын-шашынның боларын болжап отырған . Амал есебін зерттегеніме 40 жылдан асты. Қазақ халқы қыстау, жайлау, күзеу секілді қоныстарына қашан көшу керектігін, қай уақытта жолға шығуға болатын, болмайтынын біліп отыратын»,-дейді ол.
Болат Бопайұлының айтуынша бұл кітаптарға қамтылған дүниелер қай өңірдегі қазаққа болсын таңсық емес екен. «Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізге ерекше мән бергеніміз абзал. Біз шетелдіктерді де осы төл құндылықтарымызбен ғана таң қалдыра аламыз. 14 облыстан 14 кітап жазуға болатын шығар. Бірақ мынау солардың барлығын ортақтастырған ғылыми оқулық деп айтуға әбден болады. »,-дейді тұсаукесер рәсімінде сөз алған автор Болат Бопайұлы.

Айта кетейік, жазушы-этнограф Болат Бопайұлы 1960 жылы Қытай Халық Республикасының Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданында дүниеге келген. Қытайдағы Іле педагогикалық университетінің филология факультетін бітірген ол көп жылдар көрші елде әдебиет саласы бойынша еңбек еткен. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті филология факультетінің аспирантурасын тәмамдаған Б.Бопайұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары атажұртына оралады. Оның қазірге дейін «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары», «Қазақ ырымдары», «Сөз саралау өнері», «Ақыт ақиқаты», «Асыл қазына», «Қазақтың түс жоруы» және тағы басқа да кітаптары жарық көрді.


Майгүл СҰЛТАН,
Фото – Нұрбек Әлмәнбетов

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: