|  | 

Тұлғалар

ЖОБАЛАЙ КЕРЕЙ БИІ, әрі БАТЫР — /1730 — 1818 ж./

жобалай би

ЖОБАЛАЙ КЕРЕЙ БИІ, әрі БАТЫР — /1730 — 1818 ж./
Жобалай Керейдің маңдайын жарып туған,
Бар жақсылық өзіне дарып туған.
Ел ұстап он екіде-бала жастан,
Дана боп,шешен болып,ағып туған,-депті (ҚР ҰҒА
ҒК сирек қор)
Бүгінде барлық Қазақ халқы президентіміздің 2015 жылға арналған халыққа Жолдауы, үлкен көрегендік пен
ежелден аңсап армандаған арманынан шығып отырғанына қатты қуанып тебіреніспен қабыл алуда.Сабақтасып «Мәңгілік ел» армандаған арман бигіне жетеуге нақты жолды айшықтаса,ол қазақ тарихының «Нұрлы Жол» болуына ел еңсесін көтеріп, жасампаздыққа жұмылдыруда,ұйымшылдыққа, қажырлы еңбекке,құқықтық теңдікке,ізгілікке,отаншылдыққа, білімділікке, әлемдік кеңістікте озық болуға жігерлендіріп отыр.Бұл жай ұран емес,бұл жерде ұлттық ұран нақты мақсатқа жету үшін»Нұрлы Жол» хартиясында тиянақты меже белгіленіп соған лайық еңбек етуге бәріміздің көзімізді жеткізуде.
Нұрсұлтан Әбішұлы басты қағида тұтып іске асруда жұмыс жасап отырғаны бізге аян.Ел Басы –ел тыныштығы, мемлекетіміздің басты құндылығы-этностық,дінаралық өзара түсіністігі мен сыйласымдылығы,Қазақстан халқының тұтастығы мен бірлігі,тату, тәттілігі мен жасампаздығы жолында жұмыс жасауда.
«Нұрлы Жол» хартиясы ,әр қайсымыздың санамызбен, қанымызда ата-бабалардың өмірмізбен жалғасып жатқан ұлы арманды ашыпта,айқындапта көрсету мен қатар енді, болашақта істелмек шараларды белгілеп беруде.»Нұрлы Жол» жолдауында айқын дәріптелген»Ұлттық тарихымызды ұлықтау арқылы бүгінгі жеткен биіктерімізді құрметтеп бағалау белесі іспетті.Қазақ хандығының 550 жылдығын ерекше үлкен сезім мен қабылдадық.Бабаларымыздан бастап,өте құнды тарихи мәселе тәуелсіздік үшін,бостандық үшін,азаттық үшін жанталаса жүргізілген күрестің нәтижесінде,бүгінде қолымыз жетті.Оны сақтау,қорғау азаматтық парызмыз ,кешегі батыр бабаларымыздың төгілген қаны аманат.
Тарихта Жәнібек пен Керей хандарына шейінде үлкен күрес болды емеспе.
Қожахмет Яссауй мен Сүлеймен Бақырғанның ХІІ ғасырдағы жазған деректерінде Сырдария,Түрікстан,Сыр бойы түріктері -нің 1141 жылғы »қарақытайлар козғалысы»,немесе Қытай жерінен 1137ж.келген осы қарақытайлар шығыс Түрікстан мен жеті су аймағына келіп,Баласағындағы қарахандарды өзіне қаратқан кез,1141 жылы Амур дариядан өтіп,Хорезм ханы Атсызды жеңуі. Соғыста қарақытайлар қолынан 30000 хорезмдіктер (мұсылмандар)өлген. Оның үстіне 1139 жылдары хорезм ханы Атсыз бен Мербтегі Сельжук патшасы Сұлтан Санжар арасында өшпенділік салдарынан ,Санжарды 1153 жылы сыр бойына барған ғұздер(түрікпен) өлтіген ен соң селжук мемлекеті құлайды.1193 жылы(мерб) хорезмді өзіне қаратады.1193 жылдан 1219 жылға дейін Шыңғыс әскерінің келуіне шейін Орта Азиядағы ең күшті мемлекет Хорезм хандығы болған.ХІІ ғасырда Түрікстан маңында өгыз қыпшақтары билігі үстем болғаны көптеген кітаптарға жазылып түсірлген. Ғалымдар -5 негізгі түрік тайпасы ретінде-Оғыздар,Қыпшақтар,Қарлұқтар,Тоғыз,Қимақ,Құман,Башқұрды атайды.Қыпшақтар алғаш рет 760ж. түріктің руникалық ескертішінде аталған халық.ХІ ғ.үстем тайпа болған.Оған қоса Иран тілді халықтар кірген.»Қыпшақ даласы»атауы осыдан шыққан.Басқару орталығы Сыр бойында Сығанақ қаласы екен
Бүгін мойындалғандай,Ақ Орда мемлекеті кейінгі қазақ хандығының құрылуына негіз қалады, тіпті қазақ хандығын құрушы Жәнібек пен Керей Ақ Орданың әйгілі ханы Ырыс ханың немересі (Барақ ханның баласы)еді.Осы Жәнібек пен Керей құрған қазақ хандығы тұсында қазақ халқының өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысы толық аяқталады.(Керей –Барақ ханың баласы Болат сұлтанның баласы,ал Жәнібек –Барақ ханның бел баласы.Екеуі немере).(Жошы-Орда-Ежен,Бату,Тоқай,-Темір,Төбел,Шайбани-5 ұл туған.Тоқай-Темір-Өзтемір туады. Темірден-Қожа-Бадақ үлан,-Орыс хан,-Құйыршық хан-Барақ хан туған.Барақ хан тұсында Сығанақ астана болған. Екі жүз жыл өмір сүрген Ақ Орда дәуірін қазақ халқының тарихи дамуындағы маңызды белестерінің бірі екені кәзір жазылып жатыр.Орда ханы Ырыс ханның немерелері Керей хан мен Жәнібек хан Әбілқайырға қарсы шыққан қазақтарды бастап Жеті суға қоныс аударды.Монғолстан ханы Есенбұға қазақтарды қарсы алып,өзінің ішкі және сырт жағдайын нығайтуға падаланбақ болды.Есенбұға оларға Шу өзені мен Талас бойынан қоныс берді.Керей хан мен Жәнібек хан осы батыс Жеті суды орталық ете отырып,қазақ хандығын құрды демей ме?»(Н.Мыңжан.»Қазақтың қысқаша тарихы 227 бет).Жәнібек пен Керей Әбілқайырдан ат құйрығын кесіскенен соң Шудың солтүстік қапталындағы Қозыбасы деген жерге отау тігуі,ең алдымен көшпелі қазақтардың ел болып,еңсе көтерсек деген ниетін,ынтасын оятты.
Атанған бабам Ғали-Ашамайлы,
Өсірген мыңдап тайлақ,құнан-тайды.
Сібірге ұрпақтары қоныстанып,
Ел болып ерте кезден қант жайды.
Шалқар көл,ну орманды Сібір жері,
Сібірді мекен еткен Керей елі.
Егін сап,Күн көрудің қамын ойлап,
Бас қосып кеңес құрған би мен бегі.
Қожаберген жырау (1663-1762ж.)
Бұл кезде Монғолстанның Есенбұға ханы (1432-1464ж.) Жетісуды мекен еткен.Шеті Дешті Қыпшақ даласынан,екінші шеті Өзбек хандығынан (көшпелі қазақтар)Есенбұғаның әлсіздігінен күдер үзіп,Жәнібек пен Керейдің төңірегіне топтасады.Оған ХҮ ғасырдың 50-70 жылдар арасында Әбілқайыр ханның қол астынан 200 мыңдай адамның қотарылып көшіп,Жәнібек пен Керей ханмен бірігуі,сөйтіп Қазақ Хандығының күш-қуатын еселеп арттырып,оған басқа да ру тайпалардың қосылуы,түптеп келгенде Қазақ хандығының шаңырағының нығаюына жағдай жасады.
Казақия жерінде Жошы жатыр,
Орнатқан дұшпанына заман ақыр.
Шекараны белгілеп оба салып,
Сүйегіне ие боп өңшең пақыр.
Жошы,Шыңғыс,Батый, мен Ақсақ Темір,
Солармен қаны қандас біздің өңір.
Қақың жоқ құл болатын көрінгенге,
Жер толған металл,мұнай және көмір.
…Шұбартау,Шұбарайғыр,Мейзек,Жорға,
Шетінен бой бермеген қалың қолға.
Лек-лек жан-жақтан әскер төгіп,
Жас Жошы жан аямай басты зорға…
1892ж.Уәйіс Ш.(160 бет.Ө.Ахметов)
Бұл жерде мұнғұлдардың қазақ халқына тигізген көмегін тарихшылармыз қатты бағалаған.(Мұртаза Жүнісұлы Бұлұтайдың «Ата-баба діні» атты кітабынан табамыз.
Марко Полоның жазбалары бойынша ХІІІ-ғасырда Ертіс бойын,Қарқаралы даласын,Аягөз,Бақанас өзендерінің Балқашқа құяр тұсын,керейдің бір бөлігі мекендеген.Бұл жер Жошының үлкен баласы Орда Еженге Қараған.

Енді Жондағы Жобалай Керей елі атанған Шұбартау өңірінің Ғұлама БАТЫР,БИ-і Жобалай жөнінде сыр шертпекпін.
Ер Қосайдың баласы Бәйсейіт батырдан, әрі биден туған Жобалай да әрі батыр, әрі би болған. Тарихта Ер Жәнібекке ақылшы болғандардың бірі болса, Абылай, Қабанбай,Бөгенбай ,Ер Жәнібек термен тізе қосып соғысқан,қол бастаған батырлардың бірегей батырлардың бірі болды.Жәнібек өзіне үнемі ақылшы болып жүретін қарт батырлардан Жәнтай, Байтайлақ,Жобалай үшеуін ертіп мәселені бірігіп шешетіндігі,деректерде жазылып жүр.
Кезінде ЖОБАЛАЙ би негізін өзі қалап,
Нелер батыр, би, ғалымдар, ақындар өнегелі,
Қайтпас қайсар қаһарман еңбектерімен,
Тарихта артына өшпес із қалдырған,
адамдар шыққан ел.
Жастабан балалары Сартоқай, Сарбас, Бегімбет балаларына, оның ұрпақтарына ұран болған ЖОБАЛАЙ батыр, өзі Би — Сарыарқаның бел ортасы, Шұбартау жеріне, елдің ортасында өз ордасын орнықтырып, қалың арғын, найман ортасында ОРДАЛЫ ЕЛ болған. ЖОБАЛАЙ бабамыз Қазыбек, Төле билер мен терезесі тең түрде елге басшылық жасап, олардың болашағын ойлап, халқын соңынан ерте білген салмақты да салиқалы ел басы болған. Сондықтан болуы керек, біздің елді «Жондағы Жобалай Керей елі» деп атайды. Көршімі3 Шұбартау болысы, Жаназардың туына, Өмірзақтың құтына жиналған Шұбартау төлеңгіттері еді.Төлеңгіттердің басын біріктіруде Өмірзақтың жасаған еңбегін бүгінде елі құрмет санайды.
Кезінде Жобалай Шақшақ Жәнібек пен Кеңгірбайларға тоқтау айтқан. Жобалайдың даналығын атақты Қазбек би, Төле билер қатты бағалап, болған үлес, жиындарға үнемі шақырып отырыпты. Оның қатысқан жиындарда Орта Жүзге байланысты кейбір шешілмек мәселелерге Жобалай айтқан байлам, пікір үнемі үстем болған екен. Жобалай биді Абайда қатты бағалаған. Бай-болыстар арасындағы, кедей мен бай арасындағы дауды шешуде Жобалай билігі шешуші болып, қатты құрметтелген. Бүгінде халық жазушысы, ірі ғалым Мұхтар Мағауин әділдік, турашыл шешім Жобалай шешіміндей-ақ болсын деп бағалайды.

Жобалай бидің соғысқа дейінгі қоғамдағы әділетсіздік, зорлық пен зомбылық, әлдінің әлсізді езіп, жаншып өз айтқанына жүргізуге тырысқандарға қарсы күресі оның әділ билігі емес пе?.
Атыма тай бер,
Қойыма қозы бер.
Қой болар, қозы болар,
Келер жылы өзі болар, — деген талабы.
Абай айтқандай: «Күшті зорлығын қойған ба? Әлсізді әлім жеттілікпен жеп, есе бермегенен кейін, Жобалай бидің ойлап тапқан билігі ғой» деп турасынан жол салып орындатқан үкімі болды. Міне, осының өзі сол кездегі өмір үшін күрес, байлық үшін талас, билік үшін тартыс заманында, Жобалай би билігінің қажеттілігін, оның өмір сүру кезеңінде тарихи орнын белгілеп, айқындап отыр. Бұл құн төлеу тәртібіне айналды. Бұл сол кездің өзінде әркімнің қолынан келген жоқ, тек өзі батыр, өзі би Жобалай бабамыз тәрізді әкесі Бәйсейіт, Байғотан, Алтыбай, Бегеш, Тоқсанбайлар ғана алып жүре алды. Ел сеніміне ие болды, өйткені, олардың көкірегі ояу, ойлары сұңғыла болатын.
Онымен қоса, Жобалайдың батырда болғаны, оның Абылай, Жәнібек, Қабанбай, Бөгенбай, Көшімбай, Шақантай батырлармен үзеңгілес болып, сан жорықта сарбаздарын ертіп, жеңіске жетуінің өзі аңыз, ақиқат бірнеше тарихи деректер мен жаздым және жазылып жүр.
Бір күні Қабанбай бар, Жобалай бар,
Аттанып жорық шектік, добал айбар.
Түн қатып, келіп қондық бір араға,
Саздауыт отыны жоқ қоғалы айдар.(1989 ж.
Мәнік).
Енді Жобалай Бәйсейіт ұлы жөніндегі деректерге жүгінсек. Жастабан (Бегімбет) тегінен туған Ер Қосай, Рысбетек ұлы Бәйсейіт баласы Жобалай 1730 жылдар шамасында дүниеге келіп, 1818 жылдары дүниеден өткен. Жобалай бидің шын аты Қасқабай екен, өзінің алғашқы бір айтқан билігіне риза болған шақшақ Жәнібек батыр, Кеңгірбай би:- «Жас болсаң да айтқан жобайың дұрыс, сондықтан да сенің атың келешекте Жобалай болсын» депті. Осыдан бастап Жобалай аты танылып, осы есім ел жадында қалған.
Алатау мен Қаратау,
Сендерде де бір мін бар.
Асу бермейсіңдер,
Еділ, Ертіс – екі су.
Сендерде де бір мін бар,
Өткел бермейсіңдер.
Жәнібек пен Кеңгірбай,
Сендерде де бір мін бар.
Басқаға сөз бермейсіңдер.
Арқан керіп, бозын ал.
Ешкі даулап, лақ ал.

Лақ ал да, тына қал. Асау құнан күні ертең Ешкім ұстап мінбейтін, Ат шығардай сеніп ал.
Жүген,құрық тимеген. Атасы хайуан демесең,
Сырын ешкім білмеген. Шын тұлпарға теліп ал.
Асау тай мен құнаннан.
Жүзден мыңнан жүйріктер шығады,
Жорға менен тайдан,
Жаратқанда сүйеніш шығады.
Осы сөзіме тоқталсаң.
Бұл інің басқаны қойып,
Осы билікке тұрады, — дегенде Кеңгірбай мен шақшақ Жәнібек те Жобалай билігіне тоқтады емес пе? Жобайы дұрыс деген шешім сондықтан да айтылса керек.
Қай кезде болсын Жобалай билігінсіз, рұқсатынсыз ешкім өз бетімен ешқайда кетпеген. Бірде соғыста жаумен арпалыс кезінде барымташылар Нұралының жылқысын айдап әкетеді. Нұралы батыр жау айдап әкеткен жылқысын қайтарып алу үшін, барымтаға баруға Жобалай биден рұқсат сүрайды.Сонда Жобалай би рұқсат бермей, Нұралы батырға былай деген екен:-«Ауыл-үй арасында қатын да батыр. Батыр сыртқы жауға қажет. Байғотанды шақыр»- депті. Байғотан келгеннен соң:-«Мына Нұралыдан жылқының санын біл және Нұралының балаларын ертіп алып, тышқақ тайын қалдырмай әкеліп бер», — деген екен. Байқотан расында ешбір ұрыс-жанжалсыз жылқысын шашау шығармай әкеліп беріпті. Бұл жерде Байғотанның сөзге шешендегі, батыл іс-қимылына бұрынан қанық Жобалай бидің, оны тағыда бір сынағаны екен.
Нұралы, Қасқа балалары батырдың іс әрекетінен, артық іс тындырғанына қызығушылықпен қарап, Жобалай биден мұның мәнісін сұрайды. Сонда Жобалай би, оларға былай депті:-«Байғотаның тілінің астында қара мең бар. Бұның ақ дегені алғыс, Қара дегені қарғыс болады»,-деген екен.Болашақ би осы болады деп айтып жеткізіпті.
Қаз дауысты Қазбек, Қу дауысты Құттыбай, Әйтеке, Ақтайлақ, Алтыбай билердің даңқы үстем кезінде, оларды жеңе берген соң, осы кісілердің бірі, шешен, тура айтатын Жобалайға бірде былай деген екен: -Қарқаралы деген қала тұрады,
Қаз мойынды бала туады.
Ауызы түкті, көзі көк,
Сары орыс ауылыңды жанап өтеді,
Алдыңдағы малды санап өтеді,
Жобалайым аруағың сонда кетеді.
Бұндай көрегендікпен айтқан көріпкел сөзі, өмірде бастан өтті ғой. Әділетсіз билік басымызға жетті емес пе, жетпіс-сексен жыл кімге жалынышты бодан болмадық.
Осал, жалтақ басшы, жеке бастың қамымен жұмыс жасаған адамдар қырсығынан тарихы мол,киелі жері,дархан адамдары бар, ұлылырдың мекені, қасиетті ауданымыз үш рет тарап, халықтың бүгінде Аякөз ауданы басшыларының қол астында жүрген жағдайы бар. Жобалай би қайда! Өкініштісі де осы. Тірі болса бұл бәтуасыздыққа би де өкпелер еді.
Шешендікті, тапқырлықты дарытқан,
Жобалай би шықты Жастабан деген халықтан.
Әділетті тиек етіп тіліне,
Даңқы өшпей орын алды тарихтан.
Естігенде құлақ құрышын қандырған,
Көкірегіме үміт отын жандырған.
Қиын-қыстау кездерде жөн тауып,
Кездерің жоқ орта жолда қалдырған.
Сен келесің сонау алыс ғасырдан,
Алдыңа кеп талай шонжар бас ұрған.
Әділдіктің жігін тауып тартыста,
Беделіңді бар аймаққа асырған.
Асыл мұра, мазары бабамыздың,
Қанға сіңген ақ сүтімен анамыздың.
Терең болжап алды — артымды байқасам,
Қуанам да, іште шерді тарқатам.
Саржан Дүйсенбаев. Айғыз ауылы.
Жобалайдың осы елде 1822-25 жылғы орыс патшасының билер билігін жойып, жаңадан жариялаған Қарқаралы ішкі округтік басқармасы жарлығына дейін билігі жүрген.
Осы Бегімбет балалары Дағанделі, Бақанас болыстарын құрап, Дағанделі бойын мекендеуден бастаған екен.
Бір талай мұнан бұрын ата өткен,
Бекназар, Қосай екен Бегімбеттен.
Аз ауыл арғын — найман ортасында,
Ел болуға келген бөлініп Жәнібектен .
Ойланды ел болуды басын құрап,
Өз елін Дағанделіге етіп тұрақ,
Екі ұлы Бегімбеттің екі ауыл боп,
Қатарлас қоныс алды кетпей жырақ.
Сарыарқаның бел ортасына мекен теуіп, ежелден халқымыз үшін жер тағдыры басты өмір қажеттілігі кезінде,осы жерге тұрақтап, аймақ заңына мойынсұнғанда, Жондағы Жобалай Керей елі атанған бұл елге Жобалай бабамыз басшылығы 1822 жылдан бастап, басқару реті Сібір қазақтарының «Аймақ» заңы , бойынша іске асырыла басталғанша жүрген.
Елде би, болыстық басқару жүйесінің енуі—
Тек Орта жүз бойынша 8 сыртқы дуанға бөлінді. Болыстық басқару жүйесі еңгізілді.
1-09-1824 жылдан және 2-х-1826 жылы халықтың сайлауымен қайта би болып Жәңгір Шыңғысұлы тағайындалған екен.
1827 жылы Жобалай-Керей болысында Байғотан Аманбайұлы / 70 жаста/, Шүршіт Матақұлы істеген.

 

КЕРЕЙ КЛИМ ТӨЛЕМІСҰЛЫ.Шежіреші,Шұбартау тарихын зертеуші.

жобалай бижобалай би

Related Articles

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: