|  | 

Тарих

Бекен Қайратұлы. ШОҚЫНДЫРУ АРҚЫЛЫ, ҚАЗАҚТЫ ЖОЮДЫҢ ЖОСПАРЫ ЖАСАЛДЫ

Отарлаудың бір жолы – шоқындыру. Нақтырақ айтқанда, отарланған халықтың ұстанған дінін жойып, отарлаушы үстем жұрттың дінін енгізу. Бұл еуропалықтар тарапынан тәжірибеден өткен, өте тиімді тәсіл ретінде тарихта қалды. Олар Африка құрлығын отарлау барысында «шоқындыру» тәсілін қолданды. Қара құрлықтың бір қайраткері: «Олар (отарлаушыларкелгенде қолдарында«Інжіл» болдыолар кеткенде біздің қолымызда «Інжіл» қалды дабайлығымыз бенжеріміз олардың қолында кетті» дегені бар-тын.

Сол сияқты өткен ғасырларда орыс отарлаушылары қазақты шоқындырып, байырғы діні исламнан бет бұрдырып жіберу үшін қатты күш салды. 1719 жылы Ресей Сенаты бұратаналарды шоқындыру арқылы орысқа айналдыру мәселесін мемлекеттік дәрежеде күн тәртібіне қойды. І Петр патша 1725 жылы қабылдаған аса құпия өсиетнамасында: «Мұсылмандарды шоқындырып құртыңдаругрофин,түркімоңғолманжур текті жұрт­тарды ассимилиацияға ұшыра­тыңдар» делінген.

Аталмаш шараны жүзеге асыру барысында 1742 жылы 19 қараша айында патшайым Елизавета Петровнаның бұйрығымен Қазан қаласы және татар, башқұрт халықтары мекендеген аймақтардағы 500 мешіт жойылып, өртелді. Бұл шараны іске асыруға жұмылдырылған солдаттарға мұсылман діндес әйелдер мен қыздарды жаппай зорлауға рұқсат берілді.

Осылай орыс емес халық­тарды шоқындыру әре­кетін түбегейлі жүргізу үшін 1731 жылы Сенаттың қасынан “Шоқындыру кеңсесі” құрылды. Істі жүйелі атқаруға негізделген Қазан қаласында руханият (духовный) академиясы ашыл­ды. Онда миссионер мамандар дайындалып, олар “орыс­тандыру палатасы” мен “қоныс­танушылар кеңсесінің” майтал­мандары болып шықты.

Қазақтарды шоқындыру рес-ми түрде 1862 жылдан басталды десе де болады. Ол: “Егер орыстардың мүддесі қажет ететін болса – онда қазақтарды құрбандыққа шалуға ешкім қарсы болмау керек” – деген  пиғылда жүргізілді. Істі бір жақты ету Орынбор шекаралық комиссиясының бас­тығы В.В.Григорьевтің тап­­сырмасымен миссионер Иль­мин­скийге жүктелді. Нәти­жесінде, 1869 жылы Мәскеуде мис­сионерлер қоғамы құрылып, олар шоқындыруды жоспарлы түрде іске асыруға белсене кірісті.

Басты бағыт ретінде – қазақ даласына орыс шаруаларын топ-тобымен қоныстандыру арқылы шоқындыру талабы таңдап алынды.  Қазандағы руханият академиясының жанынан “Мұсылмандарға қарсы күрес бөлімі” ашылды.

Патша ағзамның тікелей жар-лығымен Түркістан өлкесінде шоқындыру жұмысын атқаратын архирей кафедрасы құрылып, орталығы Верный  бекінісіне (Алматы қаласы) қоныстанды. 1901 жылы Верныйде  миссио­нерлік эпархиальдік мекеме ұйымдастырылды. Верныйдегі  кафедралық соборда қазақтарды салтанатты түрде шоқындыру рәсімін өткізетін жоспарлар жасалып жатты. 1907 жылы архитектор В.Н.Чагиннің жоба­сымен Орал қаласында «Же­беуші Христос шіркеуі» салынды.

Орыстың рухани көсемдерінің бірі, декабрист П.И.Пестель: “… Халық атаулының барлығы жойылып бір ұлт құрауы тиіс, ал Ресейді мекен еткен елдің барлығы орыстануы керек”, –деп, мәселе көтерді. («Русская правда» 1909 жыл)

*  *  *

Негізінен қазақтарды шоқын-дыру жоспары іс жүзінде 1868 жылдан бастап нақтыланып, 1892, 1898, 1902 жылдары кезең-кезеңімен іске асыратын бағдарлама жасалды.  Аталмыш құжатта: “Бұратаналарға бұ­дан кейін өмір сүретін жол қалмауы керек. Жер бөлісі барысында олардың біразы көрге кіреді, екінші тобы христиан дінін қабылдап, орысқа айналады, көнбегендері тұқымы қалмай құриды…» деп, атап көрсеткен.

Біз мына жайтты ес-тен шығармауға тиіспіз. Отарлаушылар қазақты оқытуға құмар болған жоқ. Оқу-ағарту жүйесінің барлығы қазақты тәуелді етуге және діні мен тілін өзгертуге бағытталды. Әйгілі В.В.Бартольдтің өзі түзем-діктердің жер бетінен жойылып кетуін тілеп: “Түземдіктерге олардың өз тілінде ғылыми мағлұматтарды тым көп бермеу керек, олардың әдебиеті мен мәдениетін орнықтыра дамытуға жағдай жасамау қажет, мұның барлығы олардың орыстануына кесірін тигізеді”, дейді.

Сол сияқты қазақтан шыққан оқымысты Шоқан Уәлиханов өзінің «Далалық мұсылмандық  туралы» мақаласында: «…татар молдаларының ықпалы­мен біздің халық жалпы мұсыл-мандықты кеңінен қабылдап жатыр.  Еуропа өркениетіне қол жеткізбесе қырғыз (қазақ) халқының жойылып кету қауіпі тұр. Соңғы кездері Сібір басшылығы ислам дініне қатысты қателіктерге ұрына бастады. Шоқынған қазақтардың Даладан кетуінің қазақ халқы үшін еш әсері жоқ. Біздің қолымызда қанша қазақ христиандықты қабылдағаны жайлы дерек жоқ. Ал, олардың саны біз ойлағандай аз емес. Кейбір казак станицаларында тең жартысы шоқынған қазақтар тұрады, мысалы, «Ямышевкада»…» дейді.

Бірақ Шоқан айтқандай қазақ даласында мұсыл­мандықтың орнығуына татар молдаларының әсері бар да шығар. Дейтұрғанмен  арнайы жарлықпен тағайындалған «указ­ный» молдалардың бір мін­деті қазақтар арасында тыңшылық жасау болған. Сая­хатшы-барлаушы Семенов Тянь-Шанский өзінің  естелік жол­жазбасында: «Қытайдан өтіп келе жатқан жолда Зайсан қала­сындағы татар молдадан жер­гілікті атқамінерлер мен қазақтардың пікірі туралы мәлімет жазылған құпия хатты алдым» дейді.

*  *  *

Жоғарыдағы «указный» мол­да­лардың арқасында мешіт­терге жандармериялық бақылау жасауды Ресей Сенаты 1868 жылы заңдастырды. Осы құ­жатта: “Қазақтар дін ісі бойынша Орынбордағы дін ислам мүфтиятына қарайды. Қа­зақтардың жергілікті же­р­­­­­­дегі діни істерін молда жүргізеді, ол азаматтық бас­қар­маға, сол арқылы Ішкі істер министрлігіне бағынады. Молдалар облыстық басқарма мен Әскери губернатордың шешімімен бекітіледі не босатылады. Мешіттер тек қана генерал-губернатордың рұқсатымен салынады. Мешіт­тің жанынан жергілікті балаларды оқыту үшін медіресе ашуға молда міндетті түрде уезд бастығының рұқсатын алуы керек”, деген баптар бар.

Қысқасы шоқындырудан бұрын ислам дініне жоғары­дағыдай шектеулер қойылған. Алда-жалда балаларын өз бетінше оқытқан қазақтарға бірінші жолы 10 сом, екінші жолы 30 сом айып салып, үшінші жолы 5-15 тәулік мөлшерінде түрмеге отырғызу туралы үкімі шыққан.

Осының өзін көп көрген И.Мельников дейтін шовинист заңды бұдан да қатайтып, қазақтың құқын мүлдем жоюды талап етіп, мәртебелі патша ағзамға хат жазып, қазақтар арасында қалыптасқан ислам дәстүрін заң арқылы тас-талқан етіп, оларға өмір сүрудің еуропалық тәсілін енгізуді ұсынады. Далалық мәдениетті әлсіретуге еуропалық отырықшы тұрмыстың қажет екенін шовинистер жақсы білген.

Еуропалық қитұрқы тәсілді қазақ өміріне енгізген соң дейді отарлаушылар: «істі жолға қойып, миссионерлер жіберуіміз керек, олар қазақтарға ұстанған дінінің дұрыс емес екенін, Иса пайғамбардың діні дұрыс екенін, сонымен қатар патша ағзам қандай дін ұстанса, оның құзырындағы бұқара да сол дінге кіруі керек екендігін, дәлелдеуге тиіс» дегенді айтады.

Поптар мен жат діннің оқымыстылары жандармерия-ның міндеттерін атқарды, кей тұста соттың орнын алмастырды. Діни уағыз бен жазалау әрекетінің арасында шек қойылмады. Мұны христиандық отарлау саясатының маманы В.Говитт жан-жақты талдай келіп: “Отарлаушылардың шеңгеліне іліккен мұсылман діндегілер мен бөтен нәсілділерге христиандықтардың көрсеткен тағылығы бұрынды-соңды болған қырғын-топалаңнан асып түсті”, – деп жазады.

Отаршыл әкімшілікпен біте қайнасып, “жандармерияға айналған” миссионерлер мен қайырымды поптар қатыгездікті қатар тұрып жасады. Жұрт Ғайса пайғамбардың дінінен емес, шіркеудің шермиген попынан сескенді. Зады, жаугершілік те, миссионерлік жорық та, отарлау саясаты да сол зорлықшыл Ресейдің бет-бейнесін, ішкі мәдениетін, даму дәрежесін көрсетіп тұрды.

Ғалым Тұрсын Жұртбай «Күйесің, жүрек… сүйесің…» атты зерттеу еңбегінде, қазақ даласына жүргізілген шоқындыру ісін жан-жақты зерделей отырып, орыстар қолданған мына бір мәліметті айтады: “…Қазақтардың  атынан бізге шоқындырушы, уағызшы қажет деген арыз ұйымдастыру керек. Бұл міндетті орындауға жіберілген адам (уағызшы) қазақтардың барлық талаптарын орындауға, көмектесуге міндетті, оларды өзімен бірге ертіп жүріп бойын үйретсін, өзіне қол беріп амандасқан қазақтарға сый-сияпат көрсетсін. Христиан дініне үйір қыла берсін, сөйте жүріп, қазақтардың дініне ешкім де қысым көрсетпейді, деген пікір таратсын. Олардың уағызға келуі және тыңдауы өздеріне пайдалы,  шындықпен өмір сүруге көмектеседі деп сендірсін…» дейді.

Дәл осыған ұқсас келесі бір құжатта: «Қазақтардың бетін бұрып алған соң басқаша ұсыныс жасау керек. Бұның барлығын қазақтардың өзі сұрап жасаттырып еді, ол үшін миллиондаған сом ақша кетті, қазақтардың өзі уағызшы сұрап еді, ол да қанағаттандырылды, соның бәріне қарамастан қазақтар үкіметті алдады, сол үшін жазаға тартылуы тиіс, деген жарлық жасалсын. Қазақтарды жазаға тарту туралы мәртебелі ағзамнан пәрмен сұралсын. Пәрмен берілгеннен кейін қазақтарды жазалау үшін әскер жабдықталады және олар кресті алға ұстап жорыққа аттанады. Қазақтардың бәрін де шоқындыруға және православие дініне кіргізуге мәжбүр етеді. Ал бұл талапты өз еркі-мен орындамағандарды қырып салу керек”, – деп кесімді үкім шығарылып қойған.

Ал, христиан дінін қабылда-ған қазақтарға көмек көрсету және олардың құқын қорғау туралы ерекше нұсқаулар болды. Құнарлы жерді меншіктеуге, кәсіпшілікпен айналысуға, тегін несие алуға келгенде оларға орыстармен бірдей жеңілдіктер берілді. Сыйлық ретінде ақшалай қаражат та бөлінді.

Архирей басқармасының заң жүзінде бекітілген нұсқауында: “Христиан дінін қабылдаған қазақтар өзінің ауылында тұра береді немесе қырдағы орыс тұрғындарының арасына көшіп келуіне де болады, олар тиісті құқықтың бәрін пайдалана алады”, дейтін жаңа бап енгізілді.

*  *  *

Бұдан шоқындыру саясаты-ның Ресейде мемлекеттік құпия болудан қалып, ашық әрекеттің майданына айналғандығын көруге болады. Тіпті шоқындыруға аттанатын “крест жорығының” әскери-жазалау шаралары да күні бұрын қарастырылып, қаражаты бөлініп, жасақтары дайындалып қойған.

Ресей отаршылары миссио­нерлікті жеріне жеткізе жүргізді. Үкімет басына қандай жүйе келмесін, бұдан ешқашанда бас тартып көрген жоқ. Ресей мемлекеті мен ресейліктердің көзқарасы таза православиелік танымда ғана емес, право­славиелік-орысшылдық бағытта қалыптасты. Кей тұстарда православиелік саясат ұлтшыл­дықпен астасып, ерекше бір “орыс әлемін” жасады.

Қазақтарды шоқындыру арқылы орыстандыру жоспары 1902-1916 жылдардың арасында жүзеге асырылуы тиіс еді. Бағынбағандарды қырып салу үшін Түркістан уәлаятында жазалаушы әскерлер сақадай сай дайын тұрды. Ресейдің жауыз пиғылын Аллаһтың қалауымен 1905 жылғы орыс-жапон соғысы, 1914 жылғы I дүниежүзілік соғыс, 1917 жылы жеңіске жеткен қазан төңкерісі жүзеге астыртпай тастады.

Жиырмасыншы ғасырдың басында пайда болған Кеңес империясы жалпы дін атаулыны мансұқтап, христиандарға да, мұсылмандарға да бүйідей тиді. Мысалы, 1920 жылдары Орталық Азияда қызмет еткен 25-30 мың мешіттен 1941 жылы 1 мың ғана аман қалды. Барлық медіреселер толық жойылды. 47 мың дін қызметкерлерінің 2 мыңнан азы тірі қалды.

Қаймана қазақ халқы  қазан төңкерісінің арқасында жаппай шоқындыру науқанынан аман қалды. Әйтпегенде, бүгінгі сібір халықтарының кебін киуі әбден мүмкін еді. Қазақты шоқынып кетуден құтқарған Кеңес үкіметі оның ақысына сан ғасыр ұстанып келе жатқан ислам дінінен аластатты.

Осылай діннен аластатылған қауым, дінсіздіктің жолына түсті. 1920-жылдардың аяғында Кеңес Одағында «Құдайсыздар ұйымы» дейтін имансыз құрылым пайда болды. Осы ұйымға мүше болу мәртебе саналды. Аталмыш ұйымға мүше болуда қазақстандықтар Одақ көлемінде Украйнадан кейінгі екінші орынды жеңіп алып, Мәскеудің шексіз марапатына қол жеткізді.


namys.kz

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Сталин ажал аузына тастаған қазақтың атты әскері

    Осы уақытқа дейін құпия сақталып келген 106-қазақ атты әскер дивизиясының деректері енді белгілі бола бастады. 1942 жылы дивизия Ақмолада жасақталыпты. Әскери шала дайындықпен жасақталған дивизия 1942 жылдың мамырында, Харьков түбіндегі қоршауды бұзып шығуға бұйрық берер алдында, 4091 сарбазға 71мылтық, яғни 7 адамға бір мылтық және бәріне 3100 жарылғыш оқ –дәрі бәріліпті. Қазақ боздақтарын қарусыз жалаң қылышпен өлімге жұмсауы – «Гитлермен салыстырғанда Сталин солдаттарды өлімге 8 есе көп жұмсадының» айғағы (Михаил Гареев, Әскери академиядан.2005 жыл). “Төртінші билік» газетінің 2016 – жылғы мамырдың 28-жұлдызындағы санында шетелдік архивтерден алынған видеосюжеттегі 106-атты әскер дивизиясы жөніндегі неміс офицерінің айтқаны: «Не деген қырғыз (қазақ) деген жан кешті батыр халық, атқа мініп, ажалға қаймықпай жалаң қылышпен танктерге

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: