|  | 

Жаһан жаңалықтары

Сириядағы соғыс: Ресей неден ұтты, неден ұтылды?

sirya1

Украинамен арадағы қақтығыстың түйiнi шешiлмей жатып Ресей тағы бiр соғыс отына май құйды. Бұл жолы Шам жерiнде. Таяу Шығыстағы соғыста В.Путин өзiн “қару асынған арбитр” сезiнетiндей.  Соғыстың аты – соғыс. Тарихтағы ешбiр соғыс дәл әрi бiрсыдырғы өткен емес. Путиннiң Шам жерiндегi “соғыс арбасы” да бiрде тегiс, ендi бiрде кедiр-бұдыр жолмен тетiректеп келедi.Владимир Путин ешкiм ақтап ала алмайтын бұл әрекетiн өзi былай деп түсiндiрмекке тырысты: “Сирияның заңды сайланған президентi Башар Асад Ресейден әскери көмек сұрады. Әрине, бiз бұл қақтығысқа бас-көзсiз кiрiп кетпеймiз, бiздiң әрекетiмiз белгiлi бiр шеңбер аясында ғана болады. Бiрiншiден, бiз Сирия әскерiн террористiк топтармен күресте ғана қолдаймыз. Екiншiден, жер бетiнде ешқандай iс-әрекет жасамаймыз, тек әуеден ғана көмектесемiз”.

“ЕКI ЖҮЗIНШI” ЖҮК
The Financial Times басылымының тiлшiсi Кэтрин Хиллдiң жазуынша, өткен жексенбiде Шам жерiнде Ресей әскерiнiң 19 жастағы сарбазы жазым болды. “Гречаная Балка (Краснодар өлкесi) хуторының тумасы Вадим Костенконың жасы – бар-жоғы 19-да. Биылғы жылдың маусым айында ол мерзiмдi әскери мiндетiп өтеп болып, келiсiмшарт бойынша 960-шабуылдау авиаполкiне келiп, одан әрi Сирияға аттандырылған. CIT (Conflict Intelligence Team) зерттеу орталығының мәлiметiнше, Вадим Костенко ұшқыш болмаған.
Украинаның шығысындағы қақтығыс кезiнде оққа ұшқан ресейлiк жауынгерлердi құпия жерлеп, олардың туған-туыстарына орасан қысым жасалған едi. “Әскери операцияларға жауынгерлерiмiз қатысқан жоқ” деген өтiрiкке халықаралық қауымдастықты сендiру үшiн.
Сириядағы соғысқа қатысты Мәскеудiң ойы алабөтен. Ресейдiң мемлекеттiк телеарналары мұны батырлық деп түсiндiруден танар емес”, – деп жазды басылымның тiлшiсi.
В.Костенконың қандай жағдайда өлгенi әзiрге белгiсiз. Кейбiр деректер бойынша, қаза тапқан тек Костенко ғана емес, онымен бiрге тағы тоғыз сарбаз оққа ұшқан-мыс.
Ресейдiң Қорғаныс министрлiгi Вадим Костенконың өлгенiн мойындауға мәжбүр болғанымен, “Костенко өзiне-өзi қол салды” деп мәлiмдедi. Ал жауынгердiң туыстары бұған сенбейдi.
В.Костенконың достарының бiрi CIT волонтерi Руслан Левиевке былай деп хат жазыпты: “Вадимнiң және онымен бiрге 9 жiгiттiң денесiн өлi күйiнде тапқан. Вадимнiң мырыш табыты Севастопольде тұр. Алғашында оны “асылып өлдi” деп хабарлады. Одан кейiн “әлдекiмдер дарға асып, атып өлтiрдi” деп ақпарат таратты. Он адамды қалай өлтiргенi миыма кiрiп шықпайды…”.
Оққа ұшқан ресейлiк солдаттар туралы бұған дейiн де сан мәрте айтылған. Мәселен, қазанның 20-сы күнi Reuters агенттiгi сириялық жоғарғы шендi әскери офицердiң сөзiне сiлтеме жасап, Башар Асадтың әскерi жағында соғысып жүрген кемi үш ресейлiк жауынгердiң Дамаскiде оққа ұшқанын хабарлады. Ресейдiң қорғаныс министрлiгi мұны мо­йындамай, “батыстың ақпараттық шабуылы” деп айыптады.
Бiр тәулiктен соң (21 қазанда) Russia Today телеарнасының тiлшiсi Дэниэл Бушелл “Эхо Москва” эфирiнен былай деп мәлiмдедi: “Сирияның Латаки қаласынан ұшып шығуым керек едi, ол мүмкiн болмады. Өйткенi мен мiнетiн ұшақ әлдебiр жараланған адамдарды Мәскеуге апаратын болды”.
Бұдан бұрынырақта қырым-татарларының көсемi Мұстафа Жемилев те “Севастопольге ресейлiк 10 жауынгердiң денесiн әкелгенi” туралы айтқан.
Сонда деймiз-ау, Ресей президентi Владимир Путиннiң “бiз тек әуе операциясын жүргiземiз” дегенi қайда? Өндiрдей жас жауынгерлердiң өлi денесi әуеден түспеген шығар? Олардың обалы кiмге?
Ресей басшыларының Шам жерiндегi “әуе операциясын” жуық арада тоқтатар түрi жоқ. Ендеше, Ресей топырағына түсетiн “екi жүзiншi” жүктiң соңы бұл емес…
«ПУТИН БӘЛЕЛI ЖЕРГЕ БАРМАҒЫН ТЫҚТЫ»
Ресей президентi В.Путиннiң ешкiммен санаспастан Шам жерiн бомбалауын ресейлiк сарапшылар батырлық деп бағалады. Шын мәнiнде солай ма?
Йерусалимдегi шығыстық әрiптестiк институтының директоры, раввин Авраам Шмулевич В.Путиннiң iс-әрекетiне басқаша баға бердi. Ол былай дедi: “Ресейдiң Сирия жерiндегi “әуе операциялары” түкке тұрғысыз. Бар-жоғы 30 ұшақ не бiтiре алады? Сириядағы соғысқа шындап кiрiсу үшiн және бетбұрыс жасау үшiн Ресейдiң жердегi күшi 40 мың жауынгерден, шаб­уылдаушы ұшағы 200-ден кем болмауы тиiс. Сонда ғана белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуi мүмкiн. Ресейдiң мұндай қауқары жоқ. Мұндай жағдайда Путин мырзаның “апырып-жапырып тастаймын” дегенi – бос сөз, құр қоқай. Украинаның шығысындағы iс-әрекетiн бүркемелеу ғана. Сөйте тұра Путин бәлелi жерге бармағын қалай тығып алғанын байқамай қалды…”.
КҮНДIК СОҒЫСТЫҢ ҚҰНЫ ҚАНША?
РБК (РосБизнесКонсалтинг) талдау жүргiзiп, Сириядағы соғысқа Ресейдiң қанша шығын шығарғанын есептедi. РБК-ның дерегiнше, РФ Қорғаныс министрлiгiнiң Шам жерiнде әскери операция бастағалы бергi шығыны – күн сайын кем дегенде 2,5 миллион доллар. Әзiрге бұл шығынды 2015 жылғы бюджет қоржыны көтерiп тұр. Егер операция созылса, қосымша қаржы қажет болады.
Ресейлiк шендiлер Сирия жерiндегi операциялар шығынын “Қиыр Шығыстағы оқу-жаттығудың шығынындай ғана” деп жасырып көрсеткiсi келгенiмен, тәуелсiз сарапшылардың пiкiрiнше, түрлi санкциялар мен шикiзаттың арзандауынан бюджетi ортая бастаған Ресей үшiн бұл – бел көтере алмас шоқпарды белдiгiне iлгенмен пара-пар.
2011 жылы Ливияда АҚШ, Ұлыбритания және Франция 25 апталық әскери операция жүргiздi. Осы операцияға Ұлыбритания 320 миллион еуро (күнiне 1,7-2 миллион еуро) жұмсаса, Франция да осы шамада – 300-350 миллион еуро шығындалған. Бұл соғыста ең көп шығын АҚШ-тың мойнында – 1,1 миллиард доллар. Күндiк соғыстың құны – 6,29 миллион доллар.
Ресейдiң әскери әлеуетiн де, шығынын да батыстық бақталастарымен салыстыруға келмейдi.
“Бұл соғыста кiмнiң асығы алшысынан түсетiнi, кiмнiң күлкiге қалатыны жүргiзiлген әскери операцияларының сапасы мен шығынына байланысты болмақ” деп қорытыпты әскери сарапшылар.
Байқасаңыз, бұл соғыстан Ресейдiң ұтатыны тым аз. Керiсiнше, жауын жасқаймын деп, одан әрi өршелендiрiп жатыр. “Бөрi арықтығын бiлдiрмес, сыртқы жүнiн қампайтардың” керi.
Кiм қалай десе де, бұл соғыс – Сирияның соры. “Мысыққа ойын керек, тышқанға өлiм керек” деген осы емей не?
Ерiк РАХЫМ
zhasalash.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: