|  | 

Тұлғалар

ХХ ғасырдың Гомері ұлы Жамбылдың 170 жылдығы

Zhambyl-170 

Жамбыл әлемі

Бар әлемде, жер-көкте Жамбыл жыры,

Құлақтардың құрышын қандырды үні.

Ғасырлардың көшінде тозаң баспас,

Жауһар жырдың жасампаз, даңғылдығы.

 

Жамбыл жыры — заңғарлар, қыраттарда,

Мұхиттарда, өзен-көл, бұлақтарда.

Өрендерім, өр бол деп сынақтарда,

Жетелейді мәңгілік мұраттарға.

 

Төрт құбылам төгеді Жамбыл әнін,

Шамырқандым, шаттандым, балбырадым.

Ілессем деп көшіне сөз құрадым,

Абай, Жамбыл — ішегі домбыраның.

 

Алпыс екі тамырда, жүректе жыр,

Жан сарайың ашылар түнекте кіл.

Абай болып дүние сыр айтады,

Жамбыл — әлем, жаңарып дүр етті өңір.

 

Жамбыл жыры — батар күн, таң нұрында,

Ақша қарда, нөсерлі жаңбырында.

Шөл басасың ғажайып мөлдірінен,

Ойсыздықтан оятар, қалғыдың ба?!

 

Жамбыл — дастан, Жамбыл — саз, Жамбыл — өлең,

Абызымыз мәңгілік алды кенен.

Рухымен қолдайды, киесімен,

Жұбатады, көңілің қалды неден?

 

Асып-тасқан пенде ме ең, жел-көкірек,

Байлығыңмен болмассың елге тірек.

Төремісің, Жамбыл жыр тезге салар,

Тәубаңа түс, тағзым ет, кел де тілеп.

 

Құлақ қойғын жасындай жырына бұл,

Тұмасына қаныққын, сырына бір.

Туа сала қағынан безінген көп,

Жетпейтіндей сыбайтын тірі Жамбыл.

 

Жамбыл жыры — жауһарың алтыныңдай,

Жер-әлемді тербетіп шарқ ұруда.

Ғасырлардың төрінен тіл қатады,

Ақсақалы желбіреп Ар туындай.

 

Жамбыл баба кесенесiнiҢ
алдындаҒы ой

Армысың баба, алдыңда тұрмын иiлiп,

Асау жүрегiм толқындай тасып, жиi ұрып.

Тағзым еттiм де, сырлассам деймiн Өзiңмен,

Аллаға, өшпес өр Рухыңа сиынып.

 

Мақтаныш сезiм кеудемдi кернеп тұр бүгiн,

Арқалап жеттiм аманат еткен жыр жүгiн.

Тәуелсiз елдiң ақыны дейдi ардақтап,

Өзгеден биiк көрiнер көзге Түңлiгiм.

 

Алатау сынды асқақпын, өрмiн, еркiнмiн,

Ғаламда мынау келедi жыр боп шертiлгiм.

Ақ парақ — әлем, қауырсын — қалам қолға алсам,

Алладан кейiн ұлы Абай, ұлы Сен тұрдың.

 

 

 

 

Қолдадың пiрiм, көңiлге көркем гүл өсiп,

Айқара ашты қақпасын жұмбақ жыр — есiк.

Өзiммен өзiм келемiн содан күресiп,

Өздерiң салған ұлы бiр көшке iлесiп.

 

Данышпан Мұқаң иiптi басын “Жәке — деп“

Әбдiлдә, Ғали, Қалмақан, Сәбит “Тәте — леп“

Ақ сақалыңнан айналған Әбу балаңыз,

Ұлым деп менi бәйгеге қосқан жетелеп.

 

Алды-артым дүбiр, жүйрiктер шапқан аламан,

Кештетiп келiп, жыр — тұлпарымды тарағам.

Сүрiнбей өтсем батыраштық пен жаладан,

Көзiңе сенiң шалынармын-ау сонадан.

 

Қолдай көр бабам, иық тiрескен жүзбенен,

Өр ұланыңмын Өлеңнен өзiн iздеген.

Киелi ордадан ат басын бұрдым, тәу етiп,

Арыстар салған, алыптар жүрген iзбенен.

 

Серікжан Қажи

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: