|  | 

Тұлғалар

ГИМАЛАЙДА ЖҮРЕГІ, АЛТАЙДА БАСЫ ЖЕРЛЕНГЕН БӨРІ ТЕКТЕС БӨКЕ БАТЫР

Ytike batirҚазақтай азап шегіп, тарихы қан мен қасіреттен жазылған халық жоқ шығар, сірә… Алайда сұға бергенге бұға беретін халық емеспіз! Тұлпар тұяғымен тарихымыз жазылған, сұңқар қанатымен тәліміміз нәр алған ұлы бабалардың ұрпағымыз! Алдынан келгенін шайнап, артынан келгенін кісеней тепкен сал жүйріктің қымызынан рух алып, бабалар жырынан жанданған қазақ ешқашан құл болған емес, болмайды да! Жүз жыл желкең жерге тигенше еңкейіп күн кешкенше, бір күн бас көтеріп, азат болуды таңдайтын қайсар мінез – қазақ қазақ болғалы қанына біткен қасиет. Сол қасиет қыңыр заман мен қанды жылдарда қазақты талай мәрте тамұқтың отынан алып шықты емес пе?! Әрине, сөз бастаған шешені, қол бастаған көсемі арқылы. Сондай тұлғалардың бірі – БӨКЕ БАТЫР (1846­1904). Жалпы, қазақта жазба тарих жұтаң тартып, дұрыс дамымаған. Соның кесірінен Бөке батыр жайлы нақты деректер мен құжаттар жиегі өте аз, тіпті жоқтың қасы десем де болады.

Жалпы, биыл қазақ үшін қан жұтқан талай тау тұлғаның атаулы жылдары екен, бұл да болса кездейсоқтық емес шығар. Бөке батыр балалық шақтан бітімі бөлек, батыр тұлғалы, қазақ десе жүрегін жұлып беретін ұлтшыл, рухты болған деседі. Тарихтың тарам жолдары қазақты тарыдай шашып, Еуразия құрлығының әр еліне «еріксіз елші» етіп жіберді. ХІХ ғасырдың орта шенінен бастап Қытаймен шекаралас аймақтардағы қазақтардың отарлық езгінің күшеюі мен жер реформаларының қатаңдығына, қуаңшылық пен жұттың орын алуына байланысты Қытайдың Үрімжі аймағына қоныс аударуы жиілеп кетті. Сонымен қатар қарт Алтай – қазақтың атам заманнан бергі ата қонысы, алтын мекені. Алтайдың шұрайлы да қолайлы аймағының барлығында қазақтардың қоныс тепкенін көрген Қытай үкіметі бұл аймақты қазақтардан босатуды үлкен жоспар қылып қойған еді. Артынша қазақтарға деген салықтың түр­түрін, қысымның сан сипатын ойлап тапты. Бұған дейін көршілес орын тепкен қалмақ­торғауылдармен жер үшін егесіп, дауласқан Алтайдың алашына ендігі таңда құмырсқадай көп қытаймен қырқысуға тура келді. 1880 жылдан бастап Қытай әскері түрлі сылтау тауып, қазақ ауылдарына деген қысымды арттырды. Бұл жағдай ұзақ жылдар бойы өз жалғасын тауып, қазақты әбден титықтатып жіберді. Осы ретте халқын қанатының астына алып, қорған болу мақсатында тарихи сахнаға Бөке Жырғалаңұлы шықты. Жастайынан қалмақ­торғауыттың сұлтаны Сары Уаңның зорлық­зомбылығына қарсы қол жиып, қабырғасын қақыратқан Бөкені ол сәтте ел арасында білмейтін жан жоқ еді. 1883 жылы Шонжының әкімі болған Бөке 1886 жылы Боғдаға барып, сол аймақтағы алты алашқа қамқор болып, Қытай әскерінің озбырлығына қарсы тұрады. Бөкенің беделі мен батырлығына сенген халық «Боғда, қайдасың?» деп мыңдап есіл ердің қонысына бет алады. Қазақтың күшейіп кетуінен қорыққан Қытай үкіметі Бөкеге жала жауып, 4 айға қамап тастайды. 1887 жылы абақтыдан шыққаннан кейін Бөке батыр Қытай үкіметіне «Бейжіңге барамын» деп айтып, шын мәнінде қазаққа жайлы қоныс іздеп кетеді. Бір жылдық сапардан кейін Бөке ел ішіне қайтып оралып, Үндістанмен шекаралас аймаққа қоныс тебуді жөн көреді. Сөйтіп, 1889 жылы (кей деректерде 1898 жыл) 1500 қазақ отбасын ертіп алып, Бөке батыр ұлы көш бастайды. Қытайдың жазалаушы жасағымен талай шайқасып, 1902 жылы Үндістанға жақын аймаққа келеді. Осы жылы Үрімжіден шыққан 500 мұздай қаруланған әскер мен Бөке батыр жасақтары арасында ірі шайқас орын алады. Қытай әскерінің 300­ден астамы жер жастанып, Бөке жасағынан 30­дай сарбаз бен інісі Шөке шейіт болады. 1904 жылы Тибеттің Лхасасына тибет көсемдері Бөкені арнайы шақыртып, сол сапарда айықпас дертке шалдыққан бөрі текті бөке батыр ауыр дерттен көз жұмады. Бөкенің артынан қалмаған Қытай жасағы батырдың зиратын қазып, денесін сыртқа шығарып, басын кесіп алады. Оған себеп – Бөке батырдың басына үлкен сыйақы тағайындалған еді. Сөйтіп, батырдыңбасын алып, Үрімжінің орталығына апталап іліп қояды. Кейіннен Бөкенің ұлы Рабай әкесінің басын сұрап алып, Алтайдың Аралтөбе ауылына қатысты Обаты қыстағына жерлейді. Ал елі үшін еңіреген ердің көшін қытай әскері күшпен кері қайтарады. Солайша қазақ үшін қам жеген қайсар ұлдың денесі Гималайда, ал басы Алтайда жерленді.

Шәміс Құмарұлы 1987 жылы Қытайда «Бөке батыр» атты поэма жазып, ұлы бабамызға құрмет көрсеткен еді. Алайда бұл құрметтің басы ғана болуға тиіс. Насихаттаудың жоқтығынан бүгінде қазағым деген Бөкедей тұлғаны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Өз тарихымызды өзіміз тағаламасақ, мұндай тұлғалардың тұлғасы уақыт сағымында жоқ болып кетері анық­ақ…

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

arhar.kz

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: