|  | 

Саясат

Қазақстан мен ЕО саясат пен экономика саласында өзара әрекеттестікті одан әрі күшейтуге келісті

  2016 жылы 10 наурызда Астанада «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» ынтымақтастық комитетінің 15-ші отырысы өтті. Қазақстандық делегацияға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал Еуропалық Одақ делегациясына Еуропа сыртқы іс-қимылдар қызметі Орталық Азиялық басқарманың басшысы Тойво Клаар жетекшілік етті. Іс-шараға Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері, соның ішінде Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Қорғаныс және Мемлекеттік қызмет істері министрліктерінің, Жоғарғы соттың, Бас прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері қатысты.

Ынтымақтастық комитетінің отырысына қатысушылар сауда, өзара инвестициялар, энергетика мен көлік саласын дамыту, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету және өңірлік ынтымақтастық сияқты өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар жаңа қатерлерге қарсы бірлескен іс-қимылды күшейту және адам құқығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне де назар аударды. ЕО-тың Орталық Азия бойынша жаңартылған Стратегиясын іске асыру және Астанада өткен жылдың желтоқсан айында өткен ЕО-ОА Конференциясының қорытындылары жеке мәселе ретінде талқыланды.

2015 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) іске асыру перспективаларын талқылауға ерекше назар аударылды.

«Жақында дипломатиялық корпус өкілдері алдында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ірі инвестициялық және сауда әріптесі ЕО-мен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім - тауар айналымын арттыруға және еуропалық инвестицияны тартуға негіз болатынын атап өткен еді. Сондықтан да, біз бүгін Келісімнің сауда-экономикалық және басқа да салалардағы әлеуетін іске асыру перспективасына ерекше мән бердік», - дей келе Р. Василенко КӘЫК-нің күшіне енуі Қазақстан мен ЕО арасындағы жаңа келісім өзара қатынастардың дамуын жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті.

 Осы тарихи құжаттың іске асыруы екі тараптың екіжақты әріптестігінің жаңа кезеңін айғақтап, өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға және өзара іс-қимылдың ауқымын анағұрлым кеңейтуге ықпал ететіні аталды.

«Біз экономика, инвестиция, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, көлік, жаңа технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылды нығайту сондай-ақ екі жақты сауданы дамыту нығайту жөнінде уағдаластық. Күн тәртібіндегі ерекше тақырып Қазақстан азаматтары үшін ЕО елдеріне визалық режимді жеңілдету келешегін талқылау, содай-ақ Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін беру мәселесін талқылауға ерекше көңіл аударылды», - деді сыртқы саясат ведомство басшысының орынбасары.

«ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеті арасында жасалған қазіргі кезеңнің жаңа және ерекшелігібойынша алғашқы құжат болып табылады», – деп айтты Тойво Клаар. Келісімде қамтылатын өзара іс-қимыл бағыттарына экономика мен қаржы, көлік, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, білім беру мен зерттеу, деректерді қорғау, көші-қон, заң үстемдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, халықаралық қауіпсіздікке және тұрақтылыққа жәрдемдесу салалары кірді.

Ескерту: Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда және инвестиция әріптесі болып табылады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 51,4% ЕО үлесіне тиесілі. ҚР мен ЕО арасындағы сауда айналымы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 31 млрд. АҚШ долларынан асқан.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: