|  | 

Көз қарас

Шииттер деген кім?

Шииттік (шиа) – Ислам дініндегі екі үлкен бағыттың бірі. Шииттіктің қалыптасуы туралы ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. «Шиа» араб тілінен аударғанда «жақтас», «көмекші», «партия» және «фырқа» (топ) мағыналарын береді. Термин ретінде «шиа» хазіреті Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін хазіреті Али мен ұрпағының имамдық (халифалық) үшін ең лайықты кісілер екенін және мұның қасиетті мәтіндер (Құран және Сүннет) арқылы бекітілгеніне сенетін қауымға берілген есім болып табылады. Бұл бағыттың қазіргі таңда ең көп таралған жері ­– Иран Ислам Республикасы.

Шииттердің барлығы Алидің Мұхаммед пайғамбар тарапынан халифа етіп тағайындалғанын және оның ең ұлы сахаба екендігін бір ауыздан қабылдап, мойындайды. Али өзінің исламға жасаған қызметімен және білімдарлығымен ерекше көзге түсіп, көпшілікті тамсандыратын. Оның осындай қасиеттеріне қызығып табынушылар оған кейде асыра сілтеп, кейде лайықты бағасын беріп жатады.

Алидің шииттер тарапынан осыншалықты дәріптелуі сол кездегі әлеуметтік-саяси ахуалға тікелей қатысты нәрсе. Өйткені, Мұхаммед пайғамбар өзінен кейін орнына кімнің «имам» (басшы) болатындығын айтпай кеткен болатын. Осы кезде «имамдық» немесе халифалық мәселесінде екі түрлі көзқарас ортаға шықты:

- Халифаның кім болатындығы айтылмаған.

- Халифаның қай жанұядан болатындығы айтылған.

Бірінші көзқарас ансар (Меккеден Мединеге қоныс аударғандарға көмектескендер) мен көптеген мухажирлерге (Меккеден Мединеге қоныс аударғандар), ал екінші көзқарас кейбір хашимиттерге, кейіннен шииттерге тән көзқарас болып табылады.

Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткен соң сахабалар мұсылман қауымын басқаратын біреуді шұғыл түрде іздестіруге кіріседі. Шииттік әдебиеттер мемлекет басшылығының (имамат) Құран және сүннет, сондай-ақ өсиет етумен болатындығын алға тартып, Имамның тікелей Мұхаммед пайғамбар тарапынан тағайындалғанын, жалпы халықтың еркіндегі мәселе еместігін баяндайды. Оған өздерінің дәлелдерін ұсынады. Мысалы, алғашқы имамның Али екендігін айтатын шииттер «Өсиетнама» немесе «Қалам-қағаз» оқиғаларын дәлелге келтіреді. Тіпті, кейбір Құран аяттарын да көрсетеді.

Шииттіктің шығуына байланысты бұдан басқа көптеген себептер көрсетіледі. Үшінші халиф Османның тұсындағы ішкі саяси оқиғалар бұл ағымның ерекше қалыптасып, таралуына себеп болды. Ислам әдебиеттерінде Абдуллаh ибн Саба деп көрсетілетін адам Османның кейбір іс-әрекеттерінің дінге қайшы екендігін айтып, халықты оған қарсы көтеріліске шақырумен болады. Ислам тарихынан белгілі болғандай нәтижесі қанды оқиғалармен аяқталады.

Алидің халифалығы тұсында шииттердің мынадай бағыттары болғаны айтылады:

– Муфаддила (Парасат иелері): Алиді сахабалардың ең жоғарысы және халифа болуға бірден-бір лайықты адам екендігіне сенетіндер. Бұлар барлық сахабаларды құрметтейді. Исламға қарсы ешбір әрекеттері жоқ. Муфаддилалар уақыт өте келе сунниттермен қосылып кетеді. Түйе және Сыффин соғыстарында Алиді қолдап жақтағандар осылар.

– Сабба (Абдуллаһ ибн Саба жақтастары): Алиді сахабалардың ең ұлысы, әрі халифалыққа ең лайықты екендігіне сенбейтін бүкіл басқа сахабаларды лағынеттеп, балағаттайтын шииттік топ. Бұлар алғашқы үш халифаны өздеріне тиісті емес орынды әділетсіз түрде алған адамдар деп есептейді. Имамия және Иснаашария осы Саббаның жалғасы болып табылады.

– Ғалия (Шектен шыққандар): Алидің Тәңір екендігін алға тартатын Абдуллаһ ибн Сабаның жақтастары. Ибн Саба алғашқы рет «өсиет» және «рижъат» (қайта оралу) доктриналарын, яғни Мұхаммед пайғамбар Алиді бір өсиетпен халифа еткенін және Мұхаммедтің өлмегенін, халифалықты Алиге беру үшін қайта келетінін сенім түрінде насихаттайды. Бұлар Алиге «сен құдайсың» деп сәжде еткен уақытта бір бөлігін өртетіп, бір бөлігін жер аудартып жібертеді. Али ислам сенім жүйесіне зиян келмесін деген мақсатпен Ибн Сабаны дарға астырады.

Шииттік өз алдына біріккен біртұтас жүйе болып табылмайды. Ол – көптеген секталар мен бағыттарға бөлініп кеткен өте бытыраңқы бағыт. Шииттердің жіктелуі діни-саяси көшбасшылық мәселесіне байланысты қақтығысулар, алауыздықтар нәтижесінде жүріп отырды. VІІ ғасырдың өзінде-ақ шииттер ішінде екі бағыт – қалыпты және радикал (шектен шыққан) шииттер қалыптасқан болатын. Олар біраз уақыт өткен соң түбегейлі өзгеріске ұшырады. Бастапқыда шииттер діни сипаттағы жаңа жүйе бола қоймаған еді, олар тек біраз уақыттан соң ғана догматикалық рәсімдеуді басынан өткерді.

Кейіннен, уақыт өте келе өзге ұлттардың діни сенім-нанымдары еніп және Ислам дінін құлату, мұсылмандар арасында бүлік шығару үшін шииттік атын жамылып, негізгі мақсаттарына жетуді көздеген саясаткерлер көптеп кездесті. Өйткені, мұсылман халқы хазіреті Пайғамбардың ұрпақтарын жақсы көріп, оларға құрмет ететін. Бұл әулетті «әһли бәйт» дейді. Осы әһли бәйттің өшін аламыз деп халықты үнемі халифаға айдап салушылар әһли бәйт жайында жалған хадистер шығарып, жан дүниесі таза халықты басқаша сенімге жетеледі. Нәтижесінде, осылай болу керек, бұлай болмаса болмайды деген үлкен саяси күш туды. Бұларға да «шиит» деп ат берілді.

Шииттердің діни доктринасының негізін қалаған жоғарыда айтқанымыздай Абдуллаһ ибн Саба. Ол шеткі шииттердің көшбасшысы болған (VІІ ғасырдың орта шені). Оның есімімен әрбір пайғамбардың, соның арасында Мұхаммедтің де «рухани өсиетхатын қабылдаушысы» (васи) болатындығы туралы идея байланыстырылады. Алиді васи деп жариялау оның тегінің таңдаулы екендігіне баса назар аударатын. Алидің көзі тірісінде-ақ оның айналасындағылардың ішінде оны құдайдай көріп, пір тұтқан адамдар кездескен. Шииттердің діни ілімінің рәсімделу кезеңі аббасидтер әулетінің орнығу уақытымен, яғни VІІ ғ. соңынан VІІІ ғ. ортасына дейінгі дәуірмен анықталады. Оған қастандық жасалғаннан кейін жараланып өлген Алидің қасіретінің культі және Кербалада 680 жылы өлтірілген оның баласы – Хусейннің тартқан азабы – шииттердің діни ағымға айналуына әкелген факторлардан саналады.

Шииттер де барлық ислам жолын ұстанушыларға ортақ бастау – Құранға иек артады. Рухани билікті Алидің мұрагерлігіне беру туралы жалпы принцип – имамдық о бастан берілген, бекітілген дүние болмайды. Нәтижесінде заңды талапкерді анықтау барысында өте күрделі, кейде, тіпті шешілмейтіндей мәселелер туындап отыратын. Әрбір шииттік имам қайтыс болғаннан кейін оның орнын кім басатындығы туралы алауыздық басталып кететін, сөйтіп Алидің үрім-бұтақтарының әрқайсысы өз тарапынан билікке келетін адамның мүддесін қорғайтын. Билікті берудің принципіне қатысты көп түрлі түсініктер болғанымен де, шииттік ортада Али әулетінің мұсылман қауымында билік етуге елден асқан құқы барлығын бұлжымайтын қағида деп танитын.

Шииттер сунниттер сияқты, Суннаны мұсылман дін ілімінің екінші көзі, бастауы деп есептейді. Бірақ олардың суниттерден бір ерекшелігі мынада: олар бірінші топтағы аса абыройлы тұлғалар деп төртінші «тақуа халиф» Алиді, оның жақын әріптестерін, сонымен бірге, Али әулетінен шыққан имамдарды таниды. Өздерінің аңыздарын шииттер әдетте ахбар (ар. «хабар, мәлімет») деп атайды. Олар Мұхаммед пайғамбардың замандастарының ­– «Алидің қарсыластарының» қалдырған аңыздарын жалған деп мойындамайды. Шииттік ахбарлар сунниттік ахбарлармен салыстырғанда кейініректегі ахбарлар болып табылады. Олардың өзіндік канонизациялану процессі Х-ХІ ғғ. тиесілі. Мұсылмандардың қасиетті аңыздарын жинаушы шииттік діндарлар арасынан Мұхаммед әл-Қумми (903 ж. өлген), әл-Кулайни (939 ж. өлген), Мухаммед ат-Тусидің (1067/8 ж. өлген) аттары әйгілі.

Шииттерде суниттерге қарағанда қасірет шеккенді, азап тартқан жанды пір тұту кең тараған. Дін жолында азаптану идеясына, Али мен оның баласы Хусейннен басталған біраз шииттік имамдардың қайғылы тағдырларына шииттер басты назар аударады. Аңыз бойынша Алидің сүйегі жерленген Неджеф қаласы, «ұлы азап тартушы» Хусейннің көмілген жері деп есептелетін тұста орналасқан Кербаладағы (Ирак) мешіт – шииттердің киелі орындары болып есептеледі, сонда олар қажылық жасайды. Шииттер табынатын тағы бір жерлер – Ирандағы Қум мен Мешхед қалалары.

Қазіргі таңда шииттік діни ілімді Иран Ислам Республикасының түгеліне жуығы, Ирак халқының жартысына жуығы, Ливан, Йемен және Бахрейннің басым бөлігі ұстанады. Әр түрлі шииттік ағымдар мұсылман елдерінің барлық аймақтарында аз не көп мөлшерде бар.

 

Н.Байтенова

mazhab.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: