|  | 

Жаһан жаңалықтары

Төңкерістің сәтсіздікке ұшырауының себептері

Түркия президенті Режеп Ердоған халықты мемлекеттік төңкеріске жол бермей, «заңды билікті қорғауға» шақырған мәлімдемесін смартфон арқылы жасады.

Түркия президенті Режеп Ердоған халықты мемлекеттік төңкеріске жол бермей, «заңды билікті қорғауға» шақырған мәлімдемесін смартфон арқылы жасады.

Түркияда әскерилер 1960 жылдан бері билікті үш рет басып алған, ал 1997 жылы және бір үкіметті биліктен күшпен кетірген. Ал бұл жолғы төңкеріс әрекеті неге сәтсіз болды?

ХАЛЫҚ ҚОЛДАУЫНЫҢ АЗДЫҒЫ

Алдыңғы төңкерістердің барлығында қақтығыс пен әлеуметтік араздықтан зәрезап болған халық «бейбітшілік пен тәртіп орнауын» жақтап, бүлікшілерді ашық қолдаған. Бұл жолы төңкеріс жасамақ болғандар халықтың қолдауына ие бола алмады, оларды жақтап көшеге шыққандар өте аз болды. Керісінше, телефон арқылы халыққа «заңды билікті қорғау» туралы мәлімдеме жасап, бүлікшілердің бетін қайтару үшін көшеге шығуға үндеген президент Режеп Тайып Ердоғанды қолдап алаңға шыққан жұртта есеп болмады.

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ҮШІН КҮРЕС БОЛҒАН ЖОҚ

Түркия әскері бұрыннан зайырлылықтың сақшысы рөлін атқарып келді. Алдыңғы төңкерістер кезінде олар зайырлылық дәстүріне қауіп төндірді деген өкіметтерді биліктен кетірген. Ал бұл жолы ел басшылығы президент Ердоғанның ең басты қарсыласы, қазір АҚШ-та тұратын діни тұлға – Фетхулла Гюленді «билікті төңкермек болды» деп айыптады (Гюленнің өзі мұны жоққа шығарады). Елдегі ең ірі екі оппозициялық партия да «бұрынғы әскери төңкерістер кезіндегі қателіктердің қайталануына жол бермеу керек» деп, үкімет жағына шықты.

ПОЛИЦИЯ БҮЛІКШІЛЕРМЕН БІРІКПЕДІ

Алдыңғы төңкерістер кезінде армия билікті ала салысымен полиция солардың жағына өткен. Бұл жолы полиция заңды үкіметті қолдайтынын көрсетті. Тәртіп сақшылары әскерилер арасындағы төңкеріс ұйымдастырмақ болғандардың ізін аңдып, бүлікшілер жағына өткендерін бірден тұтқынға алды.

БҮЛІКШІЛЕР – АРМИЯНЫҢ ШАҒЫН ҒАНА БӨЛІГІ

Үкімет те, оппозиция өкілдері де төңкерісті қарулы күштердің әрі кетсе 10-20 пайызы қолдады деп отыр. Бұрынғы төңкерістерде билікті құлатуға армия тұтасымен қатысқан.

БҮГІНДЕ БАҚ-ТЫҢ АУЗЫН ЖАБУ ҚИЫН

Алдыңғы төңкерістердегі тәрізді бұл жолы да бүлікшілер теле- және радиоарналарды басып алып, эфирді өшіріп тастады. Бірақ, ақпарат CNN Turk сияқты мемлекеттік емес телеарналар арқылы таралып отырды, оның үстіне Twitter және WhatsApp сияқты әлеуметтік желілер төңкеріске қарсылардың хабар алмасатын негізгі платформасына айналды.

Аббас ЖАВАДИ
Мұхтар ЕКЕЙ

Түркияда әскери бүлікті басу операциясы жалғасып жатыр


Босфор бұғазы арқылы салынған көпір үстіндегі қару түтіні. Стамбул, 16 шілде 2016 жыл.

Босфор бұғазы арқылы салынған көпір үстіндегі қару түтіні. Стамбул, 16 шілде 2016 жыл.

Анкарада үкімет күштері бүлікшілер бекінген бас штаб ғимаратын басып алды.

Елдің оңтүстік-шығысындағы Диябакырда орналасқан әскери әуе күштері базасында жүзге жуық әскериді полиция тұтқындаған. Олардың елдегі мемлекеттік төңкеріске қатысы бар деген болжам айтылады. Еуропа Одағы жөніндегі министр Омер Челиктің мәлімдеуінше, бүлікшілер бірнеше жоғары лауазымды офицерді кепілге алғанымен, Түркия билігі жағдайды 90 пайыз бақылауында ұстап отыр.

Грекиялықәскери дереккөздерінің айтуынша, түрік үкіметінің қарсыластары Гелжүктегі бас әскери-теңіз базасында фрегатты басып алып, Түркия әскери-теңіз қолбасшысын кепілге алған. Грекияға тікұшақпен жетіп, саяси баспана сұраған 8 түрік әскериі тұтқынға алынған. Түркия оларды өзіне беруді талап етіп отыр.

Түркия президенті Режеп Ердоған жақтастарын көшеден тарқамай, бүлікшілер қайта бас көтере қалған жағдайда тойтарыс беруге дайын болуға шақырды.

Түркия бас штабы бастығы міндетін атқарушы Үміт Дундардың айтуынша, шілденің 16-сына қараған түні мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне әскери-әуе күштері мен жандармерия (қарулы күштер құрамына енеді) басшылары, сонымен бірге бірнеше беренді танкі бөлімшелері қатысқан.

Нақтыланған мәлімет бойынша, Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті салдарынан 161 адам қаза болған, 104 бүлікші өліп, 1440 адам жараланған. 2830 әскери тұтқындалды деп хабарлаған Анкарада Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым.

Ердоғанмен араздасқаннан кейін АҚШ-қа кетіп қалған діни тұлға – Фетхулла Гүлен мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандарды айыптап, осы бүлікке қатысы бар деп өзін кінәлаған Анкараның таққан айыбын үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: