|  | 

Саясат

САЛҚЫН ТИІП ҚАЛҒАН ЖОҚ. САЛҚЫНДАП БАРАДЫ 

Қазақ әдетте жел-құз жабысып, тұмау қармаса, «суық тиіп қалыпты» деп жатады. «Салқын тиіпті», «салқын тиді» дейтін де ағайын бар. Жә, қайсысы болса да, қазақтың сөзі, біз сол «салқын тиіптімен» тарта берейік.

«Салқын»…дегенде біз бұл арада президент Назарбаевқа тиген салқын туралы айтқалы отырған жоқпыз. О, не салқын, тәйірі?.. Келді, кетті. Елбасымыз есен-сау – қызметінде. Біздің назарды аударып отырған салқындық – басқа салқындық. Ақорда мен Кремль арасындағы салқындық. Былайынша бүлік тілеп, бүлініп бастаған ештеңе жоқ. Ағы – ақ, қызылы – қызыл әдемі дүние. Саясатта бұндай алқызыл түс, алқынған ыстық жүректі араластық бола бермейді. Алайда, біз – РФ-мен арадағы достығымызды қымбатқа бағалап отырған елміз. Әйткенмен де, сырттың  көзі – көреген көз емес пе? АҚШ баспасөзі, Түрік баспасөзі Ресейдің алдағы жылдары экономикалық одақ шеңберіндегі екі елге – Қазақстан мен Белоруссияға әртүрлі қысым жасай бастауы мүмкін екендігін жазып отыр. Расында, солай болуы мүмкін бе?  Путин сияқты адам Ресей билігін билеп-төстеп тұрғанда бәрі де мүмкін. Мүмкін болуына шамамен мынандай себептер бар:

-         Қазақстан мен ҚХР арасы қазір тым жақын; алыс-беріс көп. Барыс-келіс те жиі. Қытай Қазақстанда басты инвесторлардың біріне айналды. Экономикасы шатқаяқтап кері кеткен Ресей мына түрімен Қазақстанға ықпал ету мүмкіндігінен айрылып қалуы ықтимал. Путин осыны ойлап тыпыршиды. Сондықтан да Қазақстан-ҚХР қарым-қатынасына кедергі жасап бағады. Бірақ, ҚХР-ға шамасы келмейтіндіктен қылтасынан қысып ұстап үйренген Қазақстанды, қазақ билігін, Ақорданы айналдырады.

-         Жуырда Ислам Каримов дүние салды. Ислам әка жарықтық – тірі кезінде теріс азудың бірі болды. Ешкімнің алдында ығып сөйлеп, ықтамай-ақ кетті марқұм. Діни экстремистерді аттап бастырмады, АҚШ пен Батыстың алдында өзін биік ұстады. Ресейді, тіпті, елең қылмады. Араб елдерімен де абайлап араласты. Түркі әлемі дегенге де елп ете қоймады. Осындай қыңырлығымен ол Орта Азияның «оққағары» болып жүрді. Әсіресе, Ресейдің өндіршегін созып өңмеңдеуіне, аймақты (Орта Азияны) емін еркін жайласам деген есек-дәме әрекетіне жол бермеді. Ол кісінің ТМД шеңберіндегі көди-сөди ұйымдар мен одақтарға онша көңіл бөлмеуінің сыры осында еді. Тек ҚХР қосылған Шанхай ынтамақтастық одағына ғана ептеп мән берді. Басқасына Ресейдің ойыны деп қана қарады. Сондай адам бұ дүниеден озды. Енді өзбекті  Батыс пен Араб дүниесі шыр айналдыруы кәдік. Орта Азиядағы геосаяси орны ерекше Өзбекстан аталған екеудің бірімен ықпалдасса, ондай ықпалдастықтың ауылы Қазақстанға да алыс болмай шығауы мүмкін. Путин осы жайттарға да алаңдап, Қазақстанды қырына ала түсуге ұмтылады. Өйткені Ресей – Ресей болғалы Қазақстанға жұмсақ саясат ұстанып көрген емес. Ташкентке барғанда сыпайы-сылқ бола қалатын Путиннің Астанаға ат басын бұрған бетте-ақ сұрланып сала беретін себебі сол. Өйткені қазақ билігінің ынжықтығын ол жақсы біледі.

-         Кедендік одақ, Еуразиялық экономикалық одақ дейтін ойыншық одақтардың түкке тұрмайтындығын Путин қазір бек түсініп қалды. Бұл одақтардың ағасы (авторы) дау жоқ – Назарбаев. Назарбаев осы одақтардың шеңберінде жүріп-ақ Ресейден аулақтауды, сыпайылап айтқанда, арқадан қағып тұрып қоштасуды ойлайтындығын Путиннің қу іші әбден сезеді. Алайда ол осы одақтар аясындағы қатынасты сылтау етіп саяси қысым жасай берудің қажеттігін ұғып алды. Қысым жасау әрекетін, көресіздер, Путин дәл осы одақтар хаттамасы бойынша күшейте түспекші.

-         Тағы бір себеп – Қазақстанда діни экстремистердің бас көтеруі дер едік. Әзірге жалғыз-жарым әрекет жасап жүрген лаңкестерді, дәстүрлі емес жат ағымның жолына түсіп сорлаған фанттарды тез арада келеге келтірмесе, қазақ билігі күтпеген жерден Ресей әскерінің көмегіне «зәру» болып шыға келуі кәдік. Бұндай зәрулік, әрине, Путин тарапынан жасалады. Бұндай сорақылықтың нышанын АҚШ пен Түркия баспасөзі де сезе бастаған сыңайлы (қараңыз:http://abai.kz/post/view?id=10387 ).

Әрине, себепке сылтау табыла береді ғой. Орта Азияны, оның ішінде Қазақстанды стратегиялық әріптес санайтын АҚШ пен Батыс «базарындағы»  саяси саудасын қыздыра түсу үшін де Путин жоғарыдағы ықтимал қадамдарға баруы ғажап емес. Бұндай жағдайда Ресей өзінің халықаралық қауымдастықтағы орнын мүлде жоғалтады. Себебі: Қазақстан Украина емес. Бұл – жер асты қазба-байлыққа белшесінен батып жатқан ел. Қазақстандағы инвесторлар Украинадан әлдеқайда көп. Шығысында «әлемнің екінші экономикасы» аталып үлгерген ҚХР отыр. Дегенменде Ақорда мен Кремльдің арасында қазір салқын сыз байқалады. Бұны қайбір жылы Ресейден аттанып Түркияға барған сапарында аса сақ саясаткер Назарбаев: «Біз – орыстың отарында болған елміз» деген сөзімен ашық аңғартты. Шамасы, қазақ басшысы Путинмен сөзі жараспай шамырқанып шықса керек. «Қазақта Назарбаевқа дейін мемлекет болған емес» деген Путиннің сөзі де  арадағы салқындықты қабындыта түсетін сөз. Міне, жуырда ҚР президенті «салқын тиіп» қалғандықтан Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік шартты ұйымының кезекті жиынына бармай қалды. Анығында Елбасына пәлендей салқын тие қойған жоқ-ау…алайда, Путин екеуінің арасы салқындап барады. Бұл салқындықты алдағы күндері қапысыз аңғаратын боламыз. Сөз жоқ, Ақорда «мәңгілік достықтан» әзірге қол үзбеу  үшін барын салып бағады. Бірақ, бұл «достықтан» кетпеудің ең соңғы қарекеті болуы мүмкін.

Дәурен Қуат

Abai.kz    

Related Articles

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: