|  | 

Көз қарас

Қазақты бөліп, іріткі салған «шалақазаққа» Дос Көшім жауап қатты

«Шалақазақтар, біліп жүріңдер, тазақазақтар бізге бауыр емес» деген орыстілді қазақтың жазбасы — заңды құбылыс.

 

Бұл — орыс тілінің өрісі тарылып, қоғамның өзгерісіне қарсы тұра алмайтынын білген орыстілді пенденің  «жанайқайы».

«Иә, біз «бір шаңырақтың астында өмір сүреміз» дейміз, бірақ ой-пікіріміз де, мақсат*-мүддеміз де – екі басқа. Бұл — өте қауіпті құбылыс» — деді саясаттанушы Дос Көшім біздің медиа-порталға берген жацуабында, осылай ол бөлектенген қазақтың бөлектеу жазбасына баға берді.365info.kz те.

Дос Көшім

Бұл — біздің шаттанатын кезіміз…

— Соңғы уақытта Қазақ елінде тілдік белгісіне қарай, екі түрлі әлем қалыптасты. Бұлардың әрқайсысы өздерінің газет-журналдарын оқиды, теледидардан өздерінің хабарларын көреді. Еліміздегі саяси-қоғамдық оқиғаларға бұлардың беретін бағалары да екі түрлі. Мен соңғы үш жылда 8 облыста орыстілді аудиториямен 94 кездесу өткіздім. Сондықтан бұл — нақты айқындалған факті.

Булат Тарнуевтің мақаласы осы мәселелердің тереңге кеткенінің белгісі, көрсеткіші.

Бірақ оған ренжудің түк қажеті жоқ. Керісінше, бұл шаттанатын кез. Өйткені…

Соңғы уақытта еліміздегі тілдік жағдай өзгере бастады. Бұрын орта мектептерде оқитын (90-жылдары) оқушылардың 65 пайызы орыс тілінде оқыса, биылғы 1-сыныпқа барған балдырғандардың 89 пайызы қазақ мектептерінің есігін ашыпты. Демек, орыс мектептерінің бірінші сыныбына 11 пайыз ғана оқушы барған. Осылайша

орыс тілінің өрісі тарылып, қоғамның өзгерісіне қарсы тұра алмайтынын білгенде, Булат Турнаев секілділердің осылайша ышқынуы да заңды құбылыс деп білемін.

Булат інімнің сөздері базардағы әйелдердің ұрысы сияқты, сондықтан нақты, дәлелді жауап беру мүмкін емес. Дегенмен, шамам келгенше, Булаттың әрбір пікіріне сай өзімнің ойымды білдіре кетсем деймін.

Болат інім, қазақ үшін «шалақазақ», «нағызқазақ» деген ұғым жоқ

Ал сондай терминді шығарғандар – ана тілін ұмытып, орыстілді болып кеткен қазақтар. Сол арқылы олар «қазақтар біздерді бөліп тастайды, кемсітеді» деген көзқарас қалыптастыруға тырысуда. Ана тілінен айрылу – кез келген адам үшін үлкен кемшілік, ал өзінің отанында отырып, ана тілін білмеу – шынында да, ұлттан бөлектену, ал өзінің мемлекеттік тілін білмеу – надандықтың белгісі. Алайда, ол – бүгінгі ұрпақтың кінәсі емес, сол уақыттағы ата-анаңның таңдауы – мен оны жақсы білемін, сол себепті қазақ тілін толық меңгермеген не әлі күнге дейін үйрене алмай жүрген қазақтарға түсіністікпен қараймын.

Екіншіден, «орыстілді, қалада тұратын шалақазақтар тазақазақтардан әлдеқайда ақылды… Қалалық жердегі қалталы кәсіпкердің бәрі шалақазақ. Бизнестегі байлардың арасында «нағызқазақтар» жоқ» деген сөздеріңмен келісе алмаймын. Байлық – ешқашан ақылдың белгісі болмаған. Біздің қоғамдағы байлық ақылды мен таза адамдардың қолында деу де бос сөз.

Орыстілді қазақтардың «бизнесте» көп болуының себебі тым қарапайым – үлкен «бизнес» әлі күнге дейін орыстілді, екіншіден, ұлт мәселесіне басын қатырғысы келмейтін жандардың, әрине, ақша жасаудан басқа жолдары қалмайтын сияқты…

Қазақты неге мәмбет дейсің?

Ал «Мемлекеттік тілді меңгергені үшін ғана бұл «мәмбеттер» биліктен орын алды» деген пікіріңіз, тіптен, сын көтермейді.

Мемлекеттік қызметкерлердің ішінде орыс тілін білмейтін бір де бір адам жоқ. Керісінше, қазақ тілін көгертпей отырған солар.

Екіншіден, дүниежүзінің барлық елдерінде мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуі – талассыз міндет, қажеттілік болып табылады. Әрине, мемлекеттік қызметкерлердің барлығы, оның ішінде, Президенттің өзі мемлекеттік тілді меңгергені үшін биліктен орын алады.

Айтпақшы, қазақты мәмбет дейсің.

«Мәмбет» дегенде, көз алдыма ақылды да білімді, зілсіз күлкісі мен балалық ашықтығы, дархан көңілі арқылы нағыз зиялылықтың үлгісін көрсеткен Герольд Бельгер есіме түседі. Саған оның «мен қазақтың бірінші «мәмбетімін» деп басталатын мақаласын оқуға кеңес беремін.

«Мәмбет» болу үшін ондаған кітап жазып, кем дегенде, үш тілді өзіңнің ана тіліңдей білу керек. Ол үшін ақыл мен парасат, азаматтық ұстаным керек. Сондықтан Сен «мәмбет» бола алмайсың ба деп қорқамын. Байқайсың ба, екі тілдік әлем бір сөздің өзін екі түрлі қабылдайтын деңгейге жетіпті.

8c026d5c0fe22278da949f53381c7c62

Біз ешкімге тиіспейміз!

«Қазақстанның осыншалықты құлдырауына нағызқазақтар кінәлі. Қазақстанды қазіргі күйге түсірген ақымақ әрі жалқау нағызқазақтар. Техникалық әрі ғылыми терминдерді түсінуге жол ашатын орыс тілін үйренбеуінің өзі олардың қаншалықты ақымақ екенін көрсетеді» деген пікірлермен жартылай келісемін.

Егер «нағызқазақтар» дегеніңіз, ұлтшылдар мен зиялы қауым болса, бүгінгі экономикалық-әлеуметтік жағдайға біздің қатысымыз жоқ. Меніңше, елді осындай жағдайға жеткізгендер – сенің түсінігіңдегі «шалақазақтар» сияқты.

Орыс мектебін бітіргендер шетел асады, қазақ мектебін бітіргендерден маман шықпайды деуің де дәлелсіз, кезекті, бос сөздер (биылғы алтын медаль алғандардың 99 пайызы қазақ мектебін бітіргендер).

Шетелде оқитын студенттердің көпшілігі – қазақ мектебін бітіргендер де, Ресейде оқитындардың 99 пайызы – орыс мектебін бітіргендер. Ресейдің оқу орындарын Англия мен АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарымен салыстырмай-ақ қояйық.

«Соған қарамай, бізге тиіседі» деген сөзіңе келісе алмаймын. Біз ешкімге тиіспейміз.

Түсінемін, орыс тілін ғана білетін қазақтар өздерін ыңғайсыз сезінеді, басқа қазақтар өздеріне сыни көзқараспен қарайды деп ойлайтын да болар.

Сондықтан «қорыққан бұрын жұдырықтар» дегендей, біздің айтпаған сөздерімізді айтты, ойламаған ойымызды ойлады деп түсінеді. Бұл — үлкен қателік.

Айтпақшы, қазақтардың 90 пайызы орыстілді екенін ұмытпайық. Сондықтан, егер «шалақазақ» деген сөз орыс тілін білетін адамдарға арналса, біздер де соның ішіндеміз. Қазақша білім алып, қазақ мектептерін бітірген жандардың барлығы – қостілді (билингв) адамдар, бұл біздің сендерден артықшылығымыз.

Сөз соңында, өздерін «шалақазақтар» деп атайтын жандарға („Шалақазақтар, біліп жүріңдер, нағызқазақтар біздің бауырларымыз емес„) , оның ішінде, Булат ініме айтатын сөзім біреу-ақ — БІЛІП ЖҮРІҢДЕР, СЕНДЕР БІЗДІҢ БАУЫРЫМЫЗСЫҢДАР.

Менде саған деген аяушылық сезімнен басқа ештеңе жоқ.

Дос Көшім, саясаттанушы

365info.kz

 

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

1 пікір

  1. Айша Ахмет

    Еркинбек мырза!Уытты соз жазсаныз кайда калдыныз? ,,Билип журиндер,, ,,бауырымызсындар,,- таза казактын тиркестери емес ,, деп билгишсинесиз онда дурыс тиркести неге айтпайсыз? Алде сиз -,,тисе терекке, тимесе бутакка,, деп кап тубинде жатып кикар сойлейтин кырсык ,,казахтын,, биримисиз? Ренжитсем кешириниз- мына касибиниз балакка жармаскан кушиктин арекетине уксайды, Тусинбесениз, оки алмасаныз -сауатсыз болдыныз гой, Менинше макала оте тусиникти, окуга онай, ,,шалаказак ,, Булат бауырымыз санасы болса – сабак болардай жауап! Дос Кошим агамыздын макалалары маган оте унайды, Айтар ойы кашанда анык, жалтак пикири жок, казактын нагыз жанашыр улдарынын бири

POST YOUR COMMENTS TO Айша Ахмет (Cancel)

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: