|  | 

Әдеби әлем

1 000 000 теңге болатын «Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы тағайындалды

ult-bolmysy-318x219Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы бірлесе отырып, «Ұлт болмысы» журналының 5 жылдығына орай, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым !»атты поэзия және проза жанрлары бойынша қаламгерлер арасында байқау жариялады.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Қалам  ұстап жүрген жастарға тәуелсіздіктің құндылығын арттырып, ел мен жердің тұтастығын, қазақ деген текті ұлттың болмысын кестелі жыр мен көрнекті шығармаға арқау ету.

— руханияттың маңызды саласы әдебиеттің жас буын, жаңа есімдермен толығуына үлес қосу.

— жас таланттардың танылуына себепкер болу.

Тағайындалған сыйлықтар:

«Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы (біреу) – бас жүлде 1000 000 теңге

  Поэзия бойынша 

Бірінші орын — 500 000 теңге,

Екінші орын — 200 000 теңге

Үшінші орын — 100 000 (екеу) теңге

Ынталандыру сыйлығы — 75000 (екеу) теңге

Аxмет Байтұрсынов атындағы қордың арнайы жүлдесі (біреу) 50000 теңге

Республикалық «Сауап» қоғамдық қорының арнайы жүлдесі (біреу) 100 000 теңге (бұл жүлде патриоттық тақырыпта руxты, өр өлең жазған ең жас үміткерге беріледі)

Жасөспірімдерге арналған проза бойынша:

Бірінші орын — 500 000 теңге

Екінші орын — 200 000 теңге

Үшінші орын — 100 000 (екеу) теңге

Ынталандыру сыйлығы — 75000 (екеу) теңге

Аxмет Байтұрсынов атындағы қордың арнайы жүлдесі (біреу) 50 000 теңге

Қатысу шарттары: Мүшәйраға әр автордан топтама өлең немесе толғау, баллада, поэмалармен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем прозалар (көлемі компьтерлік 15 беттен аспайтын хикаят, көлемі 8 беттен аспайтын әңгіме) қабылданады.

Конкурсқа жолданатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған және ешқандай байқауларға қатыстырылмаған болуы керек.Байқауға келіп түскен үміткерлердің шығармаларын танымал ақын-жазушылардан құралған қазылар алқасы әділ сараптайтын болады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды. Сайысқа түсетін шығармаларға қойылатын талаптар:

* Мүшәйраға 18-45 жасқа дейінгі ақындар мен жазушылар қатыса алады;

* Шығармалар 2016 жылдың 8 желтоқсанына дейін қабылданып, жеңімпаздарды марапаттау 12 желтоқсан күні Алматы қаласында өтеді. (өзгерістер болса қосымша хабарланады)

Шығармалар тек компьютерге теріліп, электронды нұсқасы төменде көрсетілген мекен-жайда қабылданады;

* Шығарманың электронды нұсқасы бүркеншік атпен мына электронды пошталарға жіберілуі керек: gulzhanaramantai@mail.ru және eltutka@mail.ru

* Қатысушының аты-жөні; тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпаратты жеке конвертке салып, Алматы қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 23, 407-кеңсеге, «Ұлт болмысы» журналына жіберілуі тиіс.

(Ұлт болмысы журналының индексі 74479)

Байланыс телефондары: 8727 2 20 96-66, 87755655762, 87753028671

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Адамзат кітапқа ғұмыр бойы қарыздар. Кітапсыз келешектің алтын кілтін ешкім қолына мықтап ұстай алмаған. Мардан Рахматулла – кітапқұмар он жеті жасар жігіттің бойында өз қатарластарының бойынан табыла бермейтін ұлы қасиет бар. Ол – кітапқа деген махаббат. Бұл махаббаттың сәт санап артуының да сыры бар. Мардан – Асылы Осман, Дархан Қыдырәлі сынды бүгінгі қазақ руханиятының тірегі саналатын азаматтар туған топырақт туып-өскен. Топырақтың киесін дәл осы кезде еріксіз мойындай түсесің. Қоғамдағы «жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді жоққа шығаруға тырысқан жастардың да саны басым. Күн санап олардың саны артып, кітаптың құдіретін жер-жерде дәлелдеп бағуда. Кітапқа жаны құмар жан бір күнін кітапсыз елестете алмайды. Ғұмыры кітаппен етене байланған, оқу ғұмырының мәніне айналған жастарды

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: