|  |  |  |  |  |  |  | 

Көз қарас Мәдениет Руханият Суреттер сөйлейді Тарих Қазақ шежіресі Әдеби әлем

Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

Серік Ерғали

Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды.

«Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма.

ОСИРИС ЗАҢЫ

I

Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады.
Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті.

Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген.

Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді.

1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады…

…2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды.
Үлкен үстелдің басында президенттен басқа тек сол кездегі мәдениет жөніндегі мемлекеттік кеңесші, Марат Тәжин — отырды. Ол әдеттегідей президенттің жанында иба сақтап, әңгіме барысында үнсіз ғана мұқият тыңдап отырды.

Шамасы, ол Назарбаевқа алғашқы түркологиялық конгрес туралы айтып қойған секілді. Сөйтіп президент енді Екінші бүкіләлемдік конгресті Алматыда өткізудің уақыты келді деп шешіпті.

Бірақ мен президентке қарсы пікірімді айттым:

«Әрине, мұндай халықаралық шараны өткізу — өте абыройлы іс. Бірақ мүмкін емес. Бірінші конгрес қатысушыларының бәрін дерлік Сталин жойып жіберген. Тек қана Малов пен Радлов тірі қалған еді. Біреулер атылды, кейбіреулер ұзақ мерзімге қапаста отырып, ғұмырын сарп етті. Түркология ғылымы енді ғана басталып келе жатқан болатын, алайда сол конгрестен кейін мүлдем доғарылды.

Ал екінші конгресте біз не туралы сөйлесеміз?
Өткен ғасырдағы түркологияның қандай жетістіктері жайлы айтамыз?
Қай ғалым төрк (түркі – қазақ тілінің заңдылығын бұзатын жасанды лексема – С.Е.) жазуының шығу тегін, оның таралу жолдарын және көне мәдениеттермен байланысын зерттеді? Әлі күнге дейін алғашқы түркологтардың төрк тілі мен мәдениетінің жасын долбармен болжаған қателері мойындалмай отыр…»

1926 жылы шындығында төрклер тарихы беймәлім болатын.
Ол кезде бар болғаны Маңғолияда қалған төрк жазулы бағантастар ғана табылған еді. Сол жәдігерлердің шамамен жасын біздің білгіштер  «төрклер исламды қабылдауға дейін осы жазуды қолданған, демек шамамен біздің дәуіріміздің VIII ғасыры» — деп есептеді.

Осыдан келіп, төрк жазуы мен мәдениетінің жасы «V–VI ғасырлар шамасында»деп белгіленді.

Бір ғасыр бойы аксиомаға айналған бұл болжам бойынша, төрклер біздің дәуірдің басында шыққан халық екен, ал әліпбиді әрине соғдылардан алған-мыс — өйткені олардың керуендері шамасы, маңғол даласына дейін барған болса керек.

Түркология ғылымының алғашқы беті осылай түзілді.

Ежелгі төрклік тіл деп Моңғолиядағы бағантастардағы руникалық жазулар тілінің аталғаны  шын мәнінде қате болатын. Ал Сергей Малов тұңғыш конгресте оған анағұрлым нақты атау берді — «көнеоғыздық тіл».

Барынша мұқият қарағанда, бұл тілден бүкіл төрклік жанұяға кіретін барлық тілдер тарады дейтіндей, оның ататіл болмағаны айқын көрінеді. Жетекші төрктанушының осындай түзетуі түркология ғылымының одан әрі дамуына әсер етуі тиіс болатын.

Алайда 30–40 жылдардағы қазақтанушылар қазақ тілі де осы «көне төрк тілінен» шыққан деп сеніп қалды. Сондықтан қазақ сөзін жазуда оғыз тіліне алаңдауға тиіс ауан қалыптасты.

Соның салдарынан қазақтың көптеген жазба сөздері ауызекі нұсқаларынан шұғыл алшақтап кетті.

Салыстыру үшінназар аударайық,  мысалы қазақша:

  • ауz — «ауыз»
  • baur — «бауыр»
  • aur — «ауыр»

деген сөздер оғызша былай естіледі:

  • ahyz — «ауыз»
  • bahyr — «бауыр»
  • ahyr — «ауыр».

Осылайша біздің зерттеушілер осы «көнетөрк» дегенді негізге алып, яғни оғыздық үлгіге алаңдап, қазақ жазуында айтымына ауыз жуыспайтындай әріптердің орынсыз жайғасуына жағдай жасады. Сөйтіп, кирилше жазуда:

  • ауз - ауыз
  • баур - бауыр
  • аур – ауыр

болып жазылып кетті.

Алайда қазақтанушылардың «төрк тілдері оғыз тілінен тараған» деген тұжырымының жазу тарихына үңіле зерттегенде быт-шыты шығады.

II

Мен бұл тақырыпқа 65 жыл бұрын кіріскен едім. Тек енді ғана тарихтың киелі қойнауына жеткендеймін.

Ежелгі Мысырдың б.з.д. III мыңжылдыққа жататын суретше жазба тілін зерттей отырып, бейнеленген сөздің мәнін барынша дәл жеткізетін жүйені таныдым.

 

 

Бұл суреттерде біз өсімдіктер мен жер өңдеушілердің құдайы саналған перғауын — O’siris-ті шалқасынан жатқан күйінде көреміз. Оның денесі арқылы өсімдік өскіндері көктеп шығып, тылсым заңдылықты паш етеді:

Осы Осирис Заңын ежелгі гректер сақтап, бірақ екпінін өзгертіп, «Осирис» деп бұрмалаған.
Бұл заң сонда нені білдірген?

Екі жүз жыл бойы мысыртанушылар бұл сөзді шеше алмады, ал біз ол сөздің шығу тегін тек бір ғана тілден таба алдық.

Оны оқу қазақ тіліне сүйене отырып, тек қана енді мүмкін болды:

 

 

Суретше жазба, шамасы, иероглиф жазуынан бұрын болған.
Суретше жазудың көне кезеңі ұмытылғаннан кейін иероглиф дәуірі басталды.
Мына екі сурет түрлі дәуірді бейнелейді. Олардың айырмашылығы тіпті көрер көзге айқын. Бұлардың арасында жазу тарихының мыңжылдық тарихы бар, бұларды ажыратуға Осирис Заңының шығу тегін тануға жол ашқан қазақ тілі жәрдемдеседі.

Осылайша суретше жазба арқылы біз қазақтардың Ежелгі Мысырдағы б.з.д. III мыңжылдықтағы тарихына қатысты алғашқы құжатталған дәлелдерін таптық, олар кездейсоқ қонақ ретінде емес, егіншілік мәдениетінің ықтимал жасампазы ретінде табылды!

…Мыңжылдықтар өтті. Қазақтар көшпелі өмір салтында маусымдата өскен дала өсімдіктерін қосалқы мал азығы ретінде күнделікті пайдалана бастады. Сөйтіп, Ежелгі Мысырда көрініс тапқан материя мен мәдениеттің ұлы көшін ұмытып, біздің заманға жетті.

Бұл ашылымды ежелгі суреттер мен бүгін ғылым мен тарих тіліне айналған қазақ тілі сақтап қалды.

Енді әлем ғалымдары төрк тілдерін білек сыбана зерттей бастайтынына сенімдімін. Сонда олар ескі дәуірде екі бірдей төрк халқы айрықша көзге түскенін байқайтын болады:

  • Оғыз төрктер (б.з.д. IV мыңжылдық) — бағантастарға қашалған жазулары бүгінге жетті.
  • Ежелгі қазақтар — б.з.д. III мыңжылдықтағы суретше жазба үлгілері енді ғана ашылуда.

Осы білімдерді меңгерумен жаңа түркология басталмақ әрі адамзат жазуының тарихына тән жаңа ғажайып тарау ашылмақ.

* Бұл ашылым көптеген мәдениеттер үшін өзекке айналды.

Көп ғасырлар бойы славяндар да осы грамматикалық әрі мәдени ұғымды игеруге тырысып, оны дәл «ось» сөзі арқылы қайталаумен болды.
Олар бұған грамматикалық және заттай-тұрпат түрінде қолданылатын мінсіз тігіңкі өзек ретінде мән берген.

Неліктен әлемнің көптеген мәдениеттерінде «Әлем өзегі/осі» дегеніміз — бұл «Өмір өскіні» немесе «Әлем ағашы» дегенді білдіретіні түсінікті болды. Шаған/ясень ағашы түрлі мәдениеттердегі аңыздар бойынша үшдеңгейлі әлемді көктей өсіп және білімнің өзегі болғандығы мәлім.

Тек қана қазақ тілінде бұл сөздердің ежелгі түпкі тегінің пошымы  сақталған:

Өс’ (Os’) — «өс!»

Осыдан славяндардың «осень» — «бәрі өсіп жетілген мезгіл» сөзі шыққан.

ЭЙФЕЛ МҰНАРАСЫН ТҰРҒЫЗУ ИДЕЯСЫН КІМ БЕРДІ?

Жақында Алматыда «Қазақстан тарихы» атты жаңа жетітомдықты әзірлеуге арналған кеңес өтті. Бұндай томдарды мен көптен бері оқудан қалғанмын. Өйткені онда бұрын да, қазір де қазақтар тарихы деген басты элемент жетіспейді.

Бұл томдар қандай білім береді? Жоңғар шапқыншылықтары.
30-жылдардағы ашаршылық. Қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы қауым.
Біздің тарихнамамыз осымен ғана шектеледі.

Ал мұндай тарихпен халықты тәрбиелеу мүмкін емес.

Қазақтардың көне дәуірдегі қандай болғаны жайлы білім жоқ.
Әрі менің халқымның әлем мәдениетіне қандай мұра қалдырғаны жөнінде мақтаныш та жоқ.

Бұл және басқа сұрақтардың жауабын жаңа ұрпақ қолдарынан тастамайтын айфондарынан да таба алмайды. Жаңа жетітомдық та оларға жәрдемдеспейді.

Алпыс бес жыл бұрын маған қазақ тарихының беймәлім тұстары ашыла бастады. Олардың ғасырларды көктеген ескі дүние халықтарымен кездесу көріністері көз алдымнан өткендей.

Және де өрімдей «мыңжылдық» ақиқат дәлелдері ғылыми қызметкерлер мен ғылымға үміткерлердің қарсылығын басып өтіп, түзіле бастады.

… Төрктің алғашқы сөзін иероглифпен таңбаланған шумер етістігінен таныдым:

 

 

Бұл таңба босану сәтіндегі әйелді бейнелейді: қолдары көкке созылған — бұтаққа жармасқан қалпы, аяқтары екі жаққа ашылған күйі ол құдайды — Tu! — деп дүниеге әкелуде.

Дәл осылай Майя да ормандағы ағаш бұтағын ұстап, Будданы туған жоқ па?

Каспий маңындағы шөлейтте геологиялық тәжірибе кезінде мен тұрған күйі босанған қазақ әйелдің ащы даусын естідім, ол шопанның киіз үйінің шаңырағына тартылған арқанға жармасып тұрған еді.
Оны екі әйел аяқтарынан ұстап тұрып, онымен бірге:

«Ту!» — деп айқайласқан болатын.

…Ежелгі дәуірде Бабыл мұнарасын салу мүмкін болмады делінген қасиетті жазбаларда. Ал XIX ғасырда шумер иероглифтері оқылып, Еуропада көрсетіле бастағанда, инженер Эйфел қыпшақтың осы Tu таңбасынан Эйфел мұнарасының Tour (фр.) тұрпатын көрген.
Мен Парижде ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның Тұрақты Өкілі болып қызмет еткен он екі жыл бойы ертеңгісін осы мұнараға күн сайын қараумен болған едім.

Бұл құралымның/конструкцияның барлық тұрқы  — төрк-қыпшақ иероглифінде бейнеленген таңғажайып идеяның жүзеге асқан сәулеттік тұрпаты еді.

 

 

Өмір сыйлаушы анаға қойылған ескерткіш.
Саналы Адамды дүниеге әкелген әйелзаттың қасиетті нышаны.

Біздің  кітабымыз осы жайында.
Онда біз адамзаттың мәдени өмірбаянындағы бірнеше тарауды ашуға деген және ол туралы әлемге паш ету үшін, ақыры, тарихымыздың томдарын  лайықты дәйектермен толтыруға деген талпыныс бар.

Қазақшалаған – Серік Ерғали.

Abai.kz

Related Articles

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: