|  |  | 

Тарих Тұлғалар

А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТУЫСТАРЫ  -ӨТКЕН ТАРИХТЫҢ КУӘГЕРЛЕРІ

Алаш тарихынан

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

Alash orda
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің жылы Ахаңның елу жылдық мерей тойында «Ахаң ұлт матбуғатының көзін ашпағанда, қоңсы кент ағайындардың біріне табынып, , таңбадан айырылып, кететін едік. Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап, әліппе шығарып, тіл, һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ахаң еді. Ұлт қамы дегенді ескерген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда,  бостандыққа жол көрсеткен Ахаң еді…» дейді.  1998-жылы Астанада өткен Ахаңның жылдық мерей тойында дарабоз жазушы Әбіш Кекілбаев өз баяндамасында «Ахаң тіл ғылымындағы, әдеиеттегі, этнография саласындағы алапат еңбектері,  саясаттағы қазақ халқының келешегі үшін жасаған  жанкештілік қызметтері даңқ, атақ үшін емес, ұлтының қамы, болашағы үшін жасаған қызметтері еді» деп атап өткен еді. Ә.Кекілбаев айтқандай, А.Байтұрсыновтың Ресей отаршыларының озбыр саясатына қарсы жанкештілікпен аянбай күресіп, халқына алапат қызмет етуінің сыры сонда неде?. Оның сыры- Ахмет Байтұрсынұлының орыс отаршыларының, оның қазақ жеріндегі өкілдерінің халықты озбырлықпен қанап, қазақты адам қатарына қоспай, қорлағандарын бала кезінен көріп, санасына сіңіріп, өз рухын осы отаршыларға қарсы күреске жас кезінен бейімдей, бағыттай алғанында болса керек. Мен А.Байтұрсынұлының өмірін, шығармашылығын, мемлекеттік, қоғамдық қызметтерін зерттеп, зерделеп жүріп, ол туралы алғашқы мақаламды 1998- жылы Арқалық қаласындағы «Торғай» атты газетте жариялап едім. Ахаңның еңбектерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған ғалымдардың есімдерін «Мақтанышы елімнің», «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты кітаптарымда атап көрсеткенмін. Ахаңның біраз туыстарын да танитын едім. А.Байтұрсынұлының ең жақын туыстарының бірін таяуда, Алматыда кездестірдім. Ол Ахаңның әкесі Байтұрсынның туған ағасы Ақтастың немересі Амандық. Амандық Ақтастың үлкені Шәймерденнен туған.Осы Амандықтан бұрын анық білмейтін кейбір деректерді білдім. Бұрын Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянын  жазушылар «1885-жылы Қарғалы аталатын жерде Шошақұлы  Байтұрсын намысына тигені үшін Торғай уезінің бастығы Яковлевті ұрады. Сол жылы ояз Яковлев Байтұрсын мен оның ағасы Ақтасты, інісі Собалақты 15 жылға Сібірге айдады» деп жазған -тын. Менің «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты мақаламда да осы сынды жолдар бар еді. Байтұрсынның ағасы Ақтастың немересі ( Ақтастың баласы  Шәймерденнен туған) Амандықтың айтуы бойынша болыстыққа Байтұрсынның ағасы Ақтас та үміткер болған екен.Содан  болыстыққа сайлау өтіп жатқан жиында Торғай уезінің бастығы Яковлевтен Байтұрсын сайлаудың «ешкімге бұрмай әділ өтілуін» талап етіпті. Сол үшін ояз бастығы Яковлев Байтұрсынды жерден алып, жерге салып, боқтық сөзбен тілдепті.   «Бұрынғы аталарымыздың айтуы бойынша Сабалақ (Данияр) қызба, дөң мінезділеу болыпты» дейді Амандық, Содан ағасы Байтұрсынды тілдегені үшін Сабалақ сол жерде жиналып тұрған ағайындарының арасынан атымен тебініп шығып, ояз Яковлевті қамшымен тартып жіберіпті. Сол жерде Яковлев ағайынды Ақтас, Байтұрсын, Сабалақты қасындағы атты казактарына ұстатып, түрмеге жауыпты. Шамалыдан соң, сот үкімі шығып, ағайындыларды 15 жылға Сібірге айдап жібереді. Сотталғандармен бірге Ақтастың бәйбішесі Үбіжан бірге еріп, сонау Колыманың лагерінде бірге болған. Сабалақ жолда солдаттардың оғынан өліп, Үбіжан бірнеше жылдан кейін, Якутияда ауырып, қайтыс болған екен.

Сол кезде сонау Сібірдің түкпіріндегі Колымада 17 жыл отырып, одан тірі оралған қазақ оған болмаған еді. Колымада он жеті жыл отырып, Ақтас пен Байтұрсын 1902-жылы елге оралыпты. Сол кезде ақ, қазақ еліне  «Оязды ұрып, сотталған» деген аты мәлім болған Ақтас пен Байтұрсынды Шығыс Қазақстанның шетіндегі қазақ ауылдары құшақ жайып қарсы алып, қонақасы беріп, елдеріне жеткенше құрметтеген екен.Олар елдің құрметін көріп, туған ауылдарына бір жарым жыл жүріп жеткен екен. Ақтас пен Байтұрсын Торғайға келгенде ел жақсы қарсы алып, кейбір болыстықтардан Ақтас пен Байтұрсынға жүйрік ат сыйлап , құрметтепті. Сол жүйріктердің бірі Байтұрсынға сыйлаған Ақжелең атты тұлпар екен. ОЛ Торғайда өткен талай ат жарысында  бәйге алыпты. Ахаңның әкесі Байтұрсын 1909-жылы дүниеден өткенде Қарпық жырау үлкен жоқтау шығарыпты. Ол жоқтау бертінге дейін ел арасында айтылып, жоғалса керек. Байтұрсын қайтыс болғанда үмбетейлер үлкен ас беріп, атқаты Ақжелең жүйрікті «Байтұрсыннан артық па» деп құрбан шалған екен. Ахаңның  анасы Күңші бұ дүниеден 1919- жылы өтіпті. Күңші бейітке жерленгенде басына өзі өсірген түйесі бейіттің басында тізелеп жатып алып, көздерінен жас аққанын көрген жұрт бірге жылаған екен. Ақтас сексенге келіп, 1920-жылы қайтыс болыпты.

alash aristari

А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҚОЛЫНДА ӨСКЕН САМЫРАТ КӘКІШЕВ

Ахаңның ағасы Мәшеннің баласы Самырат пен інісі Мәшеннің қызы Шолпан А.Байтұрсынов Архангельден айдаудан келгеннен кейін қолында болған. Ахаңның соңғы жылдардағы өмірінің нақты куәгерлері осы Кәкіштің баласы Самырат пен інісі Мәшеннің қызы Шолпан мен ағасы Қалидың қызы Кәтез. (Бүгінде Шолпан апайдан туған Айман апамыз бар, жасы сексеннен асты). Ол кезде Самырат мектепте оқып жүрген. 1937-жылы 17-тамызда НКВД Ахаңды тұтқындапты. Самырат мектептен келгенде Ахаңды түрмеге алып кеткен екен. Бірақ, үй маңында жиналған адамдар болыпты. Содан Самырат жетімдер үйінде, одан кейін техникумға түсіп, уақыт өте келе адам болып кетеді. Мен Самырат Кәкішевті 70-жылдардың басында Сырағаңның үйінде көрдім. С.Кәкішев ол кезде үлкен құрылыс тресінің бастығы еді. Бұрынғы “Горный гиганттың” жанында Жазушылар одағының Демалыс үйі салынған жер бар еді. Сол маңнан Сырағаңа, С.Мұқановқа, С.Қирабаевқа және т.б. жазушы ақындарға саяжай салуға жер берген. Соған Сырағаң екі қабатты саяжай салды. Көршілері С.Қирабаев, одан әрі С.Мұқанов болды. Сырағаң ол кезде “Жұлдыз” журналының бас редакторы еді. Осы кезеңде ЦКаға “Сырбай екі қабатты үй салып жатыр” деп нешетүрлі жала жабылған арыздар көбейген. ЦКа сосын Сырағаңды “Жұлдыз” журналынан алып, “Қазақ әдебиеті” газетінің редакторлығына “төмендеткен”. Оны асханада Күнжамал жеңшемізге айқанынан естідім. Сырағаңа саяжайды салуға көмектескен осы С. Кәкішев еді. Самырат Сырағаңның жұбайы Күнжамал жеңгемізге аға болып келеді. Саяжай біткенде Сырағаң сонда жерге дастахан жайып қонағасы берді. Қонағасыға Самырат Кәкішев екінші қазақ жұбайымен келді.

(Бәйбішесі басқа ұлттан болатын). С.Кәкішев Алматы құрылыс тресінде көп жыл бастық болды. Одан кейін “Қазақстан” қонақ үйінде директор болды. 1988-жылы Ахмет Байтұрсынов атамыз ақталғаннан кейін Cамырат “А. Байтұрсынов атындағы қор» құрды. Сол қордың күшімен “АХАҢ ТУРАЛЫ АҚИҚАТ” және тағы бір кітап шығарды. Ахаң тұтқындалғанға дейін тұрған үйді (қазіргі) мұражай қылып жасақтаған осы С.Кәкішев. Алматыдағы қазіргі мұражайы тұрған жерімен бірге сол С.Кәкішев ашқан “А.Байтұрсынов қорының” жекеменшігіне өткен. Бүгінде “А.Байтұрсынов атындағы қор мен Ахаң атындағы мұражай Самырат Кәкішевтің алғашқы бәйбішесінен туған ұлы Серік (Сергей) Кәкішевтің иелігінде.

Ал, Ахаңның Қали ағасының бір ұлынан туған Әмірден  Болат Алматыда тері ауруларының бас дәрігері болып жүріп, зейнетке шықты. Соңғы жылдары «Ахмет Байтұрсыновә деректі фильмінің бас кейіпкерінің рөлін ойнаған сол Болат. Сондай ақ, Ахаңның Жиляш атты туған қарындасынан туған Меруерт атты жиені (жасы  те), қолында өскен Шолпаннан туған Айман жиені де Алматыда тұрады, сексенге келді.
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АҒАЙЫНДЫҚ ЖАҚЫНДЫҒЫ

Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ атамыздың руы үмбетей, (Аралбай). Нағашылары- Әулиекөлді мекендеген Сүгір. Ал, Әбдіғапар ЖАНБОСЫНҰЛЫНЫҢ (хан) руы қара қыпшақ), нағашысы- үмбетей, А.Байтұрсыновтың ағасы Ақтастың Алуа деген қарындасынан туған. Тарихтың тағы бір қызығы Әбдіғапар хан қайтыс болғаннан кейін, оның туған ұлы Алматыда жүріп, А.Байтұрсыновтың қолында тұрып жатқан Ахаңның ағасы Қалидың Кәтез атты қызына үйленеді. (Бұлардың тағдыры ақыры трагедиялы болды 37-күзде Ахаңды тұтқындағаннан кейін Рүстем мен Кәтездің үйін НКВД тінтіп, Ахаңның “Мәдениет тарихы” атты кітабын тауып алған. Рүстем содан “Мемлекетке қауыпты адамның кітабын сақтаған” деген айып тағылып, соңында атылған).
Қазақтың дарабоз ақыны Сырбай Мәуленовтің Ахаңмен туыстығына келейік. Сырағаңның шешесі Алмагүл әжеміз Үмбетей руынан (Аралбайдың Жатайынан)), Яғни, Сырағаңның нағашылары үмбетей. Ал, ақын Сырбай Мәуленовтің жұбайы Күнжамал жеңгеміз Ахмет Байтұрсыновтың туған ағасы Қалидың ұлы Әмірден туған. Тура айтқанда Сырбай Мәуленов Ахмет Байтұрсыновтың туған күйеу баласы есепті, Алмагүл әжемізден қуғанда жиені.

Байтұрсынның Қали, Кәкіш,Ахмет,Мәшен атты төрт ұлы, Жиляш атты бір қызы болған. Ахаңның қарындасы Жиляш (күйеуі Бәкібай Бейісов, тыл ардагері) бертінге дейін Алматыда тұрып, 1962-жылы бұ дүниеден өткен екен. Жиляштан туған Меруерт (Ахаңның туған жиені) қазір бар, Алматыда тұрады, жасы 75- те. Осы Меруерт апайдан былтыр  А.Байтұрсыновқа қатысты бір жаңа деректі естідім. Ахмет Байтұрсынов атамыз 1929-жылы осы күні Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті аталатын (бұрынғы Каз.ПИ) жоғарғы оқу орнында профессор лауазымында сабақ берген. Осы Каз.Пидің мұражайында 1990- жылдары А.Байтұрсыновтың туған жиені Меруерт апайдың күйеуі Таңжарық Тыныбеков деген азамат қызмет істепті. Сол Таңжарықтан А.Байтұрсыновтың қолында өскен баласы Самұрат Кәкішев мұражайдың қорынан Ахаңа қатысты құжаттар іздеуді тапсырыпты. Таңжарық Тыныбеков  сәті түсіп,Каз.Пидің мұрағат қорынан А.Байтұрсыновтың « Жеке құжаттарын» («Личное дело» аталған папкені тауып алады. Сол «Жеке құжаттар» папкесінде  1929-жылы А.Байтұрсынов өз қолымен жазған «Өмірдеректері»  табылады. Самұрат Кәкішев бұл өмірбаян Ахаңның өз қолымен жазылғанын растайды. Осы өмірбаян арқылы ғана А.Байтұрсыновтың  1873-жылы 28-қаңтарда емес, 1872-жылы 5-қыркүйекте туғаны анықталады. Осы бертінге дейін А.Байтұрсынов  1873-жылы туған деп жазылып келсе, соңғы табылған құжатқа орай, А.Байтұрсыновтың туған күні  5-қыркүйек, 1872- жыл деп өзгертілді. Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жазылған өмірбаяны бар «Жеке құжаттары» папкесін бұрын айтып жүргеніміздей Ахаң мұражайының директоры Райхан Имаханбетқызы емес, Каз.Пидің мұражай қызметкері Таңжарық Тыныбеков тапқан болып шықты. Ахаңның бұл «Жеке құжаттары” бертінге дейін Ахаңның туған жиені Меруерт Бейісовада болған екен. Содан Меруерт апайдың айтуынша, Ахаңның Каз.Пидегі қызмет істеген кезіндегі «Жеке құжаттарының» барын естіп, Райхан Имаханбетова қолхат беріп,  бұл құжаттарды 2000-жылдардың бас кезінде алып кеткен екен.
Тағы бір қызық дерек. Сырағаның ортаншы ұлы, заң ғылымдарының кандидаты, полковник Ғазез Сырбайұлы (марқұм болды, жатқан жері жұмсақ болсын) Әбдіғапар ханның шөбересіне үйленіп еді. (Әбдіғапар ханның баласы Едігеден тараған).
Ахмет Байтұрсынов пен Ахмет Бірімжанов ХХ өғасырдың бас кезінде халқының келешегі үшін қызмет еткен қазақтың бірегей тұлғалары. Ахаң 1905-жылдары революциялық Алаш қозғалысының бастауында жүргенде Ахмет Бірімжанов -Ресейдің  және I-II- Думасының депутаты болып, қазақ жері және қазақ жеріне қоныстанушыларды шектеу туралы мәселе көтерген қоғамдық, мемлекеттік қайраткер. А.Бірімжанов Қазан университетінің Заң факультетін алтын медальмен бітірген өз заманының биік тұлғасы еді.  1917-жылдары төңкерістен кейін Алаш қозғалысына белсене қатысып, Алаш партиясының бағдарламасының заң аясында жазылуына үлес қосты.

Ахмет Бірімжановтың інісі Ғазымбек Бірімжановта Алаш қозғалысы мен партиясының белсенді мүшесі болған.

Кеңес өкіметі кезінде білімінің арқасында Ахмет Бірімжанов Жоғарғы соттың мүшесі болып қызмет істеді. Қызылорда Қазақ автономиялық республикасының астанасы болған кезінде Ахмет Байтұрсынов пен  Ахмет Бірімжанов араласып, сәлемдері түзу болып сирек болса да көрісіп тұрған. Бірімжановтың әкесі Қорғанбек, атасы Шеген Тосын болысын қырық жылдан астам уақыт билеген. Өз заманында дәуітбай тұқымдары мен үмбетейлер қақтығысып өткен. Яковлев Сібірге айдаған Ақтас, Байтұрсын,Сабалақ үшін екі рудың арасында сақталған кек бар еді. А.Байтұрсынов пен А.Бірімжанов зиялы, оқыған, қайраткер адамдар еді, олар екеу ара болған сөзде екі рудың ескі жарасын ашпады. Керісінше, Ахаңның ағасы Қалидың қызы Сакен А.Байтұрсыновтың Қызылордадағы үйінде жүріп, Ахмет Бірімжановтың туысы мұғалім Ғалымжан Бектемісовке күйеуге шығып,  екі рудың арасындағы жараны бітегендей болып, Ахмет Байтұрсынов пен Ахмет Бірімжанов құда болып қалады. Қазақ автономиялық республикасының Жоғарғы Сотының мүшесі болып қызмет атқарып жүргенде Ахмет Бірімжанов  жаман ауруға кез болып, 1927-жылы Петербордың ауруханасында қайтыс болыпты.

А.Бірімжанов сол Петерборда жерленіп, оған Әлихан Бөкейханов, сонда оқып жүрген Мұхтар Әуезов және басқада қазақтың зиялылары соңғы сапарға шығарып салыпты.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ТУРАЛЫ ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ АЙТҚАНЫ
Мен А.Байтұрсынов туралы бірнеше мақала жазғасын Ахаң туралы жазылған мақаларды зерделеп жүремін. Ахметтану 1923-жылы Ахаңның көзі тірісінде басталған. Ахметтанудың басында М.Әуезов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Е.Шонанов және т.б. жазушы, әдебиеттанушылар тұр. А.Байтұрсынов ақталғаннан кейін оның шығармашылығын, өмірін біраз ғалымдар зерттеді. Дегенмен, 1998- жылы Астанада Алаш көсемдернің бірі, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың 120- жылдық мерей тойында баяндама жасаған заманымыздың дара жазушысы Әбіш КЕКІЛБАЕВТЫҢ сөзі Ахметтануда ерекше орын алмақ. Ә.Кекілбаев бұл баяндамасында Ахаңның Қазақ Елі алдындағы жасаған еңбектеріне толыққанды талдау жасай келе отырып, мынадай қорытынды СӨЗ айтқан еді. Төменде Әбіш Кекілбаевтың сол баяндамасында айтқан сөзінен үзінді
“…Туған халқының рухани жаңғыртуының сырын тап ондай біліп,СОЛ ЖОЛДА ҚАЛТҚЫСЫЗ ЕҢБЕК ЕТІП, МӘҢГі ЕСКІРМЕЙТІН АҒЫЛ ТЕГІЛ МОЛ ҮЛЕС ҚОСА АЛҒАН ҚАЙРАТКЕР ҚАЗАҚ ТОПЫРАҒЫНДА ОҒАН ДЕЙІН ДЕ, ОДАН КЕЙІН ДЕ БОЛҒАН ЕМЕС”. деген.

 

ҮШ ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ДОСТЫҒЫ

Сырбай Мәуленов Алматыға сонау елуінші жылдардың басында келді. Келген бойы ақын Қасым Аманжоловпен достығы ерекше жарасып кетті. Содан кейін іле Алматыға Ғафу да келген болатын. Ғафаң сол кезде Каз Пи атанған жоғарғы оқу орнына түсіп, Сырағаңды аға тұтып, оған жақындаған кезі. Бір күні Сырағаң Ғафуды дедектетіп Қасымның үйіне алып келеді. Қасекең ол кезде Осы күнгі Достық көшесінде бір бөлмелі пәтер жалдап тұрып жатқан кезі екен, үш ақынның достығы сол кезден басталған. Қасым ақынға Ғафудың домбыра тарту шеберлігі, әншілігі ұнайды. Қасымның өзі нешетүрлі музыка аспаптарында ойнайтын бесаспап болған музыкант та еді. Қасекең кейін елге кең тараған біраз ән шығарған. Сол әндерінің бірі “Дариғаны” Ғафу Қайырбеков бертінге дейін шебер орындады. Сырағаң Қасекеңмен көзі тірісінде құда болуға сөз байласқан. Кейін сол құдалық байлам бойынша Қасымның үлкен қызы Жанна (Сәпен апайдың қызы)
Сырағаңның үлкені Дүйсенге жылы күйеуге шықты.
Кезінде достығы жарасқан осы үш ақын да қазақ әдебиетінің бетке ұстар тұлғалары еді.
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,жазушы, тарихшы

kerey.kz

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: