|  |  |  |  | 

Көз қарас Саясат Тарих Тұлғалар

Жапония неге Қытайдың отарына айналып кетпеген…


japoniyaКейінгі кезде Жапония тарихына қызығып жүрмін.Генри Киссинджер жазған бір деректі оқып, айран-асыр қалып, тәнті болдым.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Киссинджер кіп-кішкентай Жапонияның неге дәл жанындағы алып Қытайдың отарына айналып кетпегенін былай түсіндіреді.

Киссинджер “Ежелгі жапон қоғамының басында, жапон дүниетанымының биігінде император тұрды. Жапон халқы да Қытай еліндегідей императорды “Құдайдың баласы”, “адамдар әлемі мен құдайлық әлемнің арасын жалғаушы” деп таныған. Жапон мен Қытай сарайлары хат алмасқанда (әуелі Қытай жағы бағыныңдар деп хат жазады) жапон протоколының Ұлы Қытаймен қандай да бір диалогқа мүлде сәйкес келмейтіні белгілі болады. Жапон саяси танымында Құдай алғашқы императорды туып, оның тұқымдарына жер бетін басқаруды бұйырған. Қытай елшілері хатты тапсыра алмай қиналған, өйткені Құдайдың алдында тұрғандай императордың алдында сәждеде жатуы тиіс болған” деген сарында жазады. АҚШ саясаткері “осындай мемлекеттілік-саяси танымы арқасында жапондар ешкімге бодан бола алмай-ақ кетті” деп тамсанады. Былай қарасаңыз, бір ғана аңыз.

Magauyn MuhtarБіз де ақырын-ақырын жылжып, мемлекеттілік дәстүрімізді осындай қалыпқа, яғни Шыңғыс ханға жалғаймыз. Одан басқа жол да жоқ. Мағауин Шыңғыс ханның арғы атасы Боданшар мен оның анасы Алан-Құба туралы мынадай аңызды келтіреді:

“Ері өлген Алан-Құба жесір қалыпты. Арада аз ба, көп пе, уақыт өткенде таңғажайып іс болады. Бірде түн ішінде Алан-Құба ұйықтап жатқанда шаңырақтың жабығынан аппақ шапақ шығады да, оның нұры әйелдің құрсағына түседі. Ес пен түстің ортасында бәрін анық аңдаған Алан-Құба болған жайды ешкімге айтпайды. Көп ұзамай жесір әйел өзінің жүкті екенін біледі… Сірә, үшінші мәртеде, ғажайып сәуле елесті кісі бейнесінде көрініпті. Нұрға шомған жирен шашты ақсары адам қасына келіп жатып, құрсағын сипап нұрын сіңіреді де, таңға жақын сабалақ сары төбет кейпінде есіктен шығып кетеді. Туған баланың аты Боданшар екен… сайыпқыран Шыңғыс хан Мәңгі Тәңірінің шапағы – Нұрдан жаралған!”.Shingisan baba

Жапондардың қисыны – өздеріне, өзіміздің аңыз бізге жетіп-артылып-ақ тұр. Нұрдан жаралған Ұлы Қаған ұрпақтары құрған мемлекеттің мұрагері екеніміз рас. Алайда, мұндай мемлекетшілдік сананы биліктегі біреулер меншіктей алмайды, қазақта император жоқ, бірақ алтын ұрпақтан қалған ұлысты (Қазақстанды) Тәңірдің аманаты деп ұғыну жаппай азаматтық дәрежеде болғаны дұрыс, әлбетте.

Рахат Мамырбековтың facebook парақшасынанн алынды

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: