|  |  | 

Мәдениет Қазақ шежіресі

АҚШ-тың барлау қызметі: Қазақтар жабайы болса да қарапайым

АҚШ орталық барлау қызметінің құпия құжаттары жария болып, онда Қазақстан туралы біраз ақпарат бары анықталды. Америкалық барлаушыларды Қазақстанда не таң қалдырғанын Sputnik Қазақстан жазды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

АҚШ-тың барлау қызметі: Қазақтар жабайы болса да қарапайым

БАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ. КОЛЛАЖ NUR.KZ

Шетелдік барлаушылар Қазақстан туралы барлық ақпаратты орталыққа жіберіп отырған. Онда қазақтардың қандай тамақ жеп, қандай іспен шұғылданатыны толықтай айтылған.

“Мықты, қаһарлы, сақалды қазақтардың келбеті бірден көзге түседі. Олар моңғолоидтық бет-әлпетке ие, бойлары қысқа, толық келген. Терісі қоңырқай, шаштары қара әрі тік, денелерін түк басқан”, – деп америкалықтар қазақтарды сипаттаған.

АҚШ-тың барлау қызметі: Қазақтар жабайы болса да қарапайым

СКРИНШОТ СО СТРАНИЦЫ CIA.GOV

Тыңшыларды қазақтардың бет-әлпетінен бөлек, әдет-ғұрыптары да қызықтырған.

“Қазақтар жабайы бола тұра қарапайым, сыпайы, қонақжай, қолы ашық адамдар”, – делінген құжатта.

Барлаушылар қазақтардың тағамына да тоқталып өткен.

“Қазақ тайпаларының күнделікті ас-ауқаты келесідегідей: 50% сүт, 40 % ет, 10 % астық. Олар мүлде көкөністерді қолданбайды. Қазақтар етті жақсы жейді, оны қуырып жегенді ұнатады. Жылқы етінен жасалған шұжық – олардың басты тағамы. Кедей адамдар сүт пен ірімшік жейді. Олардың, тіпті қой етін жеуге мүмкіндігі жоқ”, – дейді америкалықтар.

Қазақтар – өте мықты, әрі төзімді көшпенділер

“Қазақтар күн сайын сүтпен шай ішіп, көп қымыз ішеді. Қымыз оларда шараптың орнында, ондағы алкоголь үлесі екі-үш пайызды құрайды. Қазақтар – өте мықты, әрі төзімді көшпенділер. Дегенмен арасында жалқаулықтары басым адамдар да болып жатады. Олар қой, сиыр, жылқы, түйе бағады, одан басқаға көбіне икемі жоқ», - деп жалғастырды тыңшылар.

Жолаушыларды өлтіріп, тонап кетеді

“Олардың кейбірі қыста үлкен жолға шығып, қарақшыға айналады. Жолаушыларды өлтіріп, тонап кетеді. Кей кездері жабайы аңдарды аулап, терісін сатады”, – делінген құжатта.

Қазақтар шабандоздықты өте шебер меңгерген – балалары бес-алты жасынан аттың құлағында ойнайды. Ал он жасар балалар жылқының сырқатын бірден анықтай алады. Олар жылқының үстінен түспей жердегі затты оңай көтереді”, – деп таңданыстарын жасырмады барлаушылар.

ҚазАқпарат мәліметіне сәйкес, АҚШ Орталық барлау басқармасы (ОББ) 1995 жылы Билл Клинтонның президенттік жарлығымен құпиялылығын жоғалтқан 775 мың құжатты (13 млн. беттен тұрады) жария етті.

Дереккөз: Nur.kz

Related Articles

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: