ЖҮЗ ҮШ ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН ҚУҒЫН
(немесе, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың отбасы мен өзінің қиын қыстауда өткен тағдыры туралы тарихи хикаят) Жұмат ӘНЕСҰЛЫ 1885-жыл, Қарғалы. Бұл Тосын болысының тоғайлы, сулы, көрікті жерінің бірі еді.Тосын болысы өзеннің жағасы мен жиде тоғайының арасына ылғи аппақ ақ щаңқан киіз үйлер тіккен. Болыс сайлауы өтіп, ояз бастығы қатысқан үлкен жиын болып,оған қарасты Торғай бекетінің, Ақкөл, Аққұм,Шөптікөл ауылдарының өкілдері қатысқан. Сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, іштен тынып тұрған негізінен Ақкөл, Аққұмнан келгендер еді. Бұ жақтағы белсенді, белді, ел арасында беделділері -үмбетейліктер, оның ішінде Шошақ балалары Ақтас, Байтұрсын, Сабалақтың жүріс тұрыстары, сөздері де ірі еді. Жиналған жұрт сайлаудың қорытындысына көңілдері толмай, іштей тынғанмен, Ақтастай ірі қимылды ағасына сүйенді ме, Байтұрсын ортадағы онекі қанатты