«Алло» немесе махаббаттың әдемі әңгімесі (видео)
– Алло! – Алло! Бұл кім? – Кімді іздедің? – Таныдың ба? – Жұлдыз ба едің? – Иə, сенің жұлдызыңмын, Жан ашпаған сырды іздедім. – Кешіріңіз! Кім едіңіз? – Бір сұлудың тірегіміз, Əзір бойдақ, басымыз бос… – Бос орынға гүл егіңіз! Соңғы кезде түсірілген клиптердің ішінде әзілі де, мәні де, әдемі сюжеті де бар «Алло» көптің көңілінен шыққаны даусыз. Бір жағынан ақбоз атты ханзадасын күткен бойжеткен туралы ертегіге де ұқсайтын бейнебаянда бәрі бар. Ауылдың аруы мен қаладағы жұлдыз жігіттің ұялы телефондағы ән-диалогынан жастық, сұлулық, армандар мен махаббат та табылады. Көзге оттай басылатын таныс суреттер әншілерімен қосылып, қазіргі бозбала мен бойжеткендердің бүкіл тілектерін әлдилейді. Қысқасы, қазіргі заманның ертегісі. Не десек те
