Алматы неліктен Олимпиада өткізу құқығынан айырылды?
Сарапшылар Алматының Олимпиада өткізу құқығын иелене алмай, Бейжіңнен жеңіліп қалу себептерін айтты. Бұл туралы sport.zakon.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. «Қазір бірдеңе деу қиын. Мен Куала-Лумпурде делегация құрамындамын. Мұнда бәрінің көңіл-күйі жоқ. Шыны керек, үлкен жұмыс атқарылды, көптеген адамдар еңбек етті, Алматы әкімі де, премьер-министр де осында. Алайда, спортта үнемі осылай болады. Жеңімпаз да біреу, бірінші орын да жалқы. Кейде ұтасың, кейде ұтыласың. Енді келесі өтінімді беру үшін жақсылап дайындалу керек», – дейді 1994 жылғы Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов. Алайда, Қытайдың ұтып кетуіне аталған мемлекеттің экономикасы мен индустриясы мықты, әлемдегі көшбасшы ел болуы әсер етті. «Олимпиаданы неліктен Алматы емес, Бейжің өткізеді? Өйткені, Олимпиада өткізу үшін көптеген факторлар әсер етеді. Экономикалық-саяси жағдайлар,