«АНТИГЕПТИЛЬ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Abai.kz ақпараттық порталының электронды жәшігіне « Азматтардың қақын қорғаушы, «Антигептиль» қозғалысының белсендісі – Болатбек Біләлов қамауға алынды» деген хабар келіп түсті. Болатбек Біләлов өз үйінің ауласында тұтқындалып, Астана қаласы Ішкі істер басқармасының ғимаратына жабылған. Әзірге қозғалыс белсендісіне қандай айып тағылғаны белгісіз. Белсендімен ешкім тілдесе де алған жоқ. Алайда, аталған қозғалыс мүшелері Біләловтың қамауға алынуын Бәйтерек монументінің қасында өтуі тиіс қарсылық акциясымен байланыстырады. «Антигептильшілер» бүгін киіктердің қырғынына байланысты экологиялық акция өткізуді жоспарлаған болатын. Соңғы деректерге қарағанда, апатқа ұшыраған киіктердің саны 120 мыңнан асқан. Таяуда аталған қозғалыс мүшелері Мемлекет басшысының атына ашық хат жариялап, Байқоңырда ұшырылып, кезекті рет қазақ жеріне құлаған «Протон» зымырантасығышы: «Даламызға у сеуіп жатыр. Киіктер қырғынана бірден бір себепкер
