Қазақстан Иорданияға әскери техника жеткізбек
ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Иорданияға ресми сапармен барды. Оның шеңберінде Иордания мемлекетінің және қорғаныс ведомствосының басшыларымен ресми кездесулер өтті. Кездесуде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы мәселелер талқыланып, өзара іс-қимыл перспективалары белгіленді. Сапардың басты мақсаты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен Иорданиялық Хашимит Патшалығының Үкіметі арасында келісімге қол қою болды. Бекітілген құқықтық негіз екі елдің қарулы күштері мен қорғаныс өнеркәсібі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Сапар барысында өткен жылдың соңында Елбасы Астанада ашқан «Казахстан Парамаунт инжиниринг» компаниясы зауытының өнімі – «Арлан» қазақстандық броньдалған дөңгелекті машиналарды сатып алу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар түнгі көру аспаптарының ОПК-оптикалық аспаптары мен көздеуіштер, 12,7 калибрлі НСВС оқшашарлары және олардың қолданылуымен жауынгерлік