Ақжан Машани кім болды, қандай ғұмыр кешті?
Бір әмірші әл-Фарабиді сарайында өтіп жатқан думанды кешке шақырған екен. Бірақ өзі оны бұрын бірде-бір рет көрмепті. Жұпыны киінген бір қарт есік ашып, отыруға рұқсат сұрапты сонда. Тақта отырған Әмір оған қарап: «Қалаған жеріңізге отырыңыз», – депті. Әл-Фараби сарайда отырғандардың ту сыртымен өрлеп барып, Әмірдің қасына отырады. Отырғандарға бұл мінез әдепсіздік болып көрінеді де, ыңғайсызданып қалады. Әмір өзі рұқсат берген соң пәлен дей алмайды. Бірақ, Әмір өзінің күзетшісіне белгісіз тілде былай дейді: – Қазір сабыр ете тұр. Бұған сұрақ қойып, сынап көрейік. Жоғары орынға шығуға лайықсыз адам болса, жөнін көрсетеміз, – дейді. Әл-Фараби олардың арасындағы жасырын тілді жақсы білетін еді. Сол тілде ол былай дейді: – Дұрыс айтасыз. Әрнәрсенің сабырмен
