АҚШ-та оқыған жас әскерилер толқыны көрінді
АҚШ-та білім алған әскери мамандар Қазақстанның қорғаныс саласында жұмыс істегісі келеді. Мамандар мұндай жастардың білімін пайдалану қажет дейді. АҚШ әскери академиясының шәкірттері Руслан БОТАЙҰЛЫ АҚШ-тың беделді әскери академиясы Вест-Пойнтта төрт жыл білім алған Мақсат Нұғманов пен авиация академиясына білім алуға енді бара жатқан Владислав Гогуляға маусымның 15-і күні Қазақстандағы АҚШ-елшісі Джордж Крол арнайы сертификаттар тапсырды. Қорғаныс министрлігінің мамандары АҚШ-тан келген жастардың енді жұмыссыз қалмайтынын айтады. Ақтөбе облысының тумасы Мақсат Нұғманов Вест-Пойнт академиясына 17 жасында түскен. Оған дейін Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыған. Математиканы өте жақсы көргендіктен Вест-Пойнт академиясында инженерлік тәртіп (дисциплина) бойынша білім алған. Инженерлік жүйеге қатысты қосалқы авторлықпен жазған ғылыми жұмысы да жарияланған. Мақсат Азаттыққа АҚШ-та оқуға түсу, білім