Қазақстан халқына және Президентіне Ұлттық банк төрағасы, Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы , Бас прокурор , «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры ант берді.
Елбасы саяси мемлекеттік қызметшілердің ант беру рәсіміне қатысты-деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап kerey.kz. Қазақстан халқына және Президентіне Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы А.Смолин, Бас прокурор Ж.Асанов, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғ.Байжанов, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылық лауазымдағы бірқатар тұлғалары, Үкімет мүшелері, облыстардың және Алматы қаласының әкімі салтанатты түрде ант берді. Қазақстан Президенті мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап арта түсетінін атап өтті. – Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану жағдайлары жиі кездесіп жатады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын құқық бұзу жайттары мемлекеттік қызметтің ғана имиджіне емес, жалпы мемлекеттік басқару жүйесіне теріс әсерін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев жиналған мемлекеттік қызметшілердің бәріне алдағы цифрлық дәуір талабы жаңашыл шешімдерді, оларды