Жетінші арнаның жаңалықтары жабылады!
Тəəк. Басты жаңалығымыздан бастайын. Бəрі білетін сияқты, бірақ естімегендеріңіз де бар шығар. Жетінші арна жаңалықтары соңғы рет осы жұмада 20.00-де шығады. Содан кейін болды, телеарна өз бағытын ойын-сауық арнасына ауыстырады. Біздің жаңалықтар жабылады дегенде, қатты таң қалғанымыз да жоқ. Журналистика мүсəпір күйге ұшырап, айтатынын айта алмай, айтса, не болад деп қорқақтайтын заманда, цензура сыртта емес, іште болған заманда басқаша қалай болсын! Мұнда арна басшыларының түк кінəсі жоқ, жүйе кінəлі. Мамандыққа деген құрметтің жоқтығы кінəлі. Ал мен болсам, Жетінші арна Эра болып тұрған, 2003 жылы ең алғаш ашылған уақытынан бері жұмыс істеп келем. Компания, əріптестер, бəрі мен үшін ыстық. Арнама тек жақсылық, сəттілік, көөөп жарнама тілеймін. Ал жұмыссыз қалған əріптестерімнің шеберлігінің