Баянауылдағы Жасыбай көлі
Руслан БОТАЙҰЛЫ Павлодар облысындағы Жасыбай көлі – Қазақстандағы табиғаты көркем, суы тұнық көлдердің бірі. Әйткенмен, Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағында тау жоталары арасында орналасқан осынау көл жайлы білмейтіндер әлі де аз емес. Мұнда келген демалушылар көлге шомылып, қарағайлы орманды жаяу аралап, тауға шығып көңіл сергітеді. 1 Таңғы Жасыбай. Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағындағы Жасыбай көлі демалушылар көп келетін жерлердің бірі. Жасыбай – ешқандай өзен суы қосылмайтын тұйық көл. 2 Таң алдында Жасыбай көліне қармақ салып тұрған адамдар. 3 Жасыбай көліне шомылып жүрген бала. 4 Жасыбай көліне демалуға келген жұртқа бәліш сатып жүрген жігіт. 5 Жасыбай көлі жағасындағы арнайы тұғырдан суға секірген қыз. 6 Баянауыл ұлттық паркінде туристерді экскурсияға тасып жүрген