«Ботақара» орониміне қатысты деректер
Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданының орталығы орналасқан Ботақара кенті және ауылдың батыс жағындағы Ботақара тау сілемдері мен Ботақара көлі, Ботақара атты құс фермасы, бұлардан алыс емес жерде, яғни таудың шығыс-оңтүстік жағынан қапталдай ағып жатқан Нұра өзені бойындағы Ботақара теміржол бекеті бар. Осындағы «Ботағара»атауының топонимиялық маңызы жайлы ономастикатанушылар мен географиялық территория жүйесін зерттеушілер бірауыздан бұл ороним (атау) антропонимге (адам есіміне) қатысты дейді. (Орталық Қазақстан аймақтық топонимиясының өзекті мәселелері, Алматы. 2009 ж. 125-б). Демек бұл атау адам есіміне қатысты болса Орта жүз он екі ата Абақ керей тайпасының бір тармағы Жәнтекей аталығының құрамына кіретін «Ботақара» атты руға немесе Ботақара Қожамжарұлыатты батырға қатысты болуы мүмкін бе? Атақты Доспанбет жыраудың, «сақалына сары шіркей ұялап, қазақтың басы