Бүгін ― қасиетті Қадір түні
Бүгін, яғни шілденің 13-інен 14-іне қараған түні бүкіл адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсе бастаған – Қадір түні. Рамазан айы аяқталуға жақын. Қасиетті айдың соңғы он күнінің бір түні мұсылмандар үшін қасиетті Қадір түні. Бұл түннің нақты уақыты анық емес. Бірақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис шәріптері Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің біріне және тақ түндеріне сәйкес келетіндігін нұсқаған. Ғалымдардың көзқарастары бойынша, бұл түн Рамазан айының тақ түндеріне, әсіресе, 27-ші түніне сәйкес келеді (Бұхари, Қадір, 3; Мүслим, Сиям, 216). Олардың айтуынша, Қадір түнінің белгісіз болуының сыры мұсылмандар Рамазан айының тек сол түнімен ғана шектелмей, он күнді түгелдей құлшылықпен өткізсін деген де болуы мүмкін. Себебі, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өзі соңғы он түннің
