Карлов мырзаны өлтірген кім?
Түркиядағы Ресей елшісі Анкараның орталығында елшіліктер мен үкімет кеңселері орналасқан аумақта сурет көрмесінің ашылуында сөз сөйлеп жатқан кезінде өлтірілді. Түркияның тарихында бірінші рет бір елдің елшісі қасақана өлтіріліп отыр… Ал осы елші Карлов мырзаны өлтірген кім? Түркияның полициясындағы арнайы бөлімнің қызметкері, 22 жастағы ресми полиция қызметкері! 11 рет атқан екен елшіні, сонсоң тәкбір келтіріп, дінпаз террористер айтатын сөздердің еш іркілместен қайталай берген айтақтап… Діни радикализм мен террорлық идеологияға берілген жас жігіт өзі адамдардың өмірі мен бас амандығын қорғауы тиіс қызметте болғанына қарамастан көрші мемлекеттің елшісін өлтірді, соңынан әріптестерімен атысып, өзі де өлтірілген екен… Айтар әңгіме көп, бірақ нақты нәрсе діни ағымдарды, діни экстремистік және радикалды топтарды ауыздықтаудың, оларды полиция, армия, арнайы