ӘР СӨЗІ – АЛТЫН НҰРЕКЕҢ!
1991 жылдың басында әуелі “Қайт, қазақ Отаныңа!” деп Қазақстанның зиялы қауымы бас көтерсе, ел Президенті Н.Назарбаев “Алыстағы ағайындарға ақ тілек” атты әйгілі хатын жариялады. Хатта: “Атамекенге келемін деушілерге жол ашық, ата-баба аруағы алдарыңнан жарылқасын”, – деген ақ тілек айтылған. Осы хат онсыз да елпілдеп, елегізіп отырған шетелдегі қазақ қауымын рухтандырды. 1992 жылдың 28-қыркүйегінде президентіміздің бастамасымен Алматыда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Тәуелсіздік алған тұста репатриация процесін реттеуші негізгі құқықтық құжат – 1992 жылғы 26 маусымда қабылданған «Иммиграция туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болды. ҚР Министрлер Кабинеті 1992 жылы 23 қыркүйекте қабылдаған «Шет елдегі қазақ диаспорасының өкілдерін Қазақстан Республикасында болған кезінде әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы» әйгілі №791 қаулысы алыстан арып-шаршап жеткен ағайынның осы топырақта өсіп-өніп өмір