Ерлан Рысқали: Алтай-Тарбағатай әндері қазақтың ең көне музыкалық мектебі
Ерлан Рысқали. Фото: hirschelec.com Кеше сайтымызда Алатау дәстүрлі өнер театрында Алтай-Тарбағатай өңірінің музыкалық кеші өткенін хабарлаған едік. Концерт соңында танымал дәстүрлі әнші Ерлан Рысқалиды Алтай-Тарбағатай ән мектебінің ерекшеліктері, қазақ музыка өнеріндегі орны туралы аз әңгімеге тартқан болатынбыз. Әнші Шығыс ән мектебінің сыры мен сипаты туралы ойларымен бөлісті. – Ерлан аға, қазақ музыка өнерінің дара мектебі ретінде соңғы кездері ғана насихатталып жүрген, Алтай-Тарбағатай ән мектебінің қазақтың өзге музыкалық мектептерінен өзгеше бөгенайы туралы не айтар едіңіз? – Шын мәнісінде, Алтай-Тарбағатай ән мектебі – қазақтың классикалық ұлттық өнерінің ішіндегі ең көне мектеп. Кеңес Одағы тұсында ұлттық өнерімізге дұрыстап ден қойылмағаны белгілі. Зерттеушілер болғанымен, түгелдей қамтыған жоқ. Сол кездегі музыкатанушы, зерттеушілер танымал болған Арқа және Батыс ән мектебін