Астанада тарихшы Е.Бекмахановтың тағдырын баяндайтын «Аманат» фильмінің тұсаукесері өтті
суретті Ғабит МАДАЛИЕВ түсірген Бүгін, 31 мамырда, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Астанада көрнекті ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты еңбектің авторы, қазақ тарихының жанашыры, біртуар тұлға Ермұхан Бекмахановтың тағдырын баяндайтын «Аманат» атты толықметражды фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Фильмнің желісі бірнеше уақыт аралығын қамтиды: XIX ғасырдың орта тұсы Кенесары ханның тәуелсіздік жолындағы күресі, XX ғасырдың ортасы және 60-жылдардың соңы. Тарихи туындыда қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған зерттеулері үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тоталитарлық жүйенің құрбаны, алаш арысы Ермұхан Бехмахановтың тағдыры баяндалады. Фильмнің режиссері және сценарий авторы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франция