ЕЛБАСЫН МҰРАТЫНА ЖЕТКІЗЕ ГӨР, ТӘҢІРІМ
Менің білуімше, біз «Ұлы дала еліміз» деп саналуымыз керек. Кейбіреулер «аспан асты еліміз» дейді, кейбіреулер «күншығыс еліміз» дейді. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Осы далада біздің ата-бабамыз даланы сақтап қалған. Қан төгіп, тер төгіп сақтап қалған. Қазақстан мен «Ұлы дала елі» екеуі қатар жүрсе, дұрыс болады деп ойлаймын! Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінен. *** Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала