Қызылордада мемлекеттік рәміздер күніне орай 500 адамның қатысуымен шеру өтті (ФОТО)
ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекеттік рәміздері күні. Айтулы мерекеге орай Қызылордада таңнан бастап суретшілер байқауы, жастардың шеруі, вело, автошерулер, флэш-мобтар өткізілді. Мереке Мемлекеттік Гимнді бір мезгілде орындаудан басталды. Мұнан соң Ы.Жақаев ескерткіші жанында «Бейнелеу өнері» үйірмесі балаларының қатысуымен «Ел рәміздері – асыл мұрамыз» атты жас суретшілер байқауы өтті. Жас суретшілер тәуелсіздіктің тұғырлығын айқындайтын суреттер салып, үздік туындылар анықталды. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен қалалық фракция мүшелерінің қолдауымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты жас өнерпаздардың патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды. Осы мезетте белсенді жастар «Жібек жолы» сауда орнында «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» атты флэш-моб өткізді. Қызылордалықтар әрбір шарада Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін әлемге танытатын әрі мемлекетіміздің өткені мен