Ел басы Астана қаласының «жасыл белдеуін» дамыту жұмыстары барысымен танысты
Мемлекет басшысы Астана қаласының «жасыл белдеуін» дамыту жұмыстары барысымен танысты-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметi. Елбасы елорда айналасындағы жасыл аймақты әуеден тікұшақпен шолып шыққаннан кейін орманды алқап қалыптастыру және дамыту жұмыстары барысымен танысты. Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз брифингін өткізді. Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылдан бері жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елорда айналасына егілген жасыл желектің ауданы бүгінде 70 мың гектарға жеткенін атап өтті. – Бір кездері біздің жоспарымызға күмәнмен қараған еді. Бірақ біз осы орманды болашақ ұрпақ үшін өсіріп, оны Қазақстанның кереметіне айналдырдық. Соның арқасында қалада шаң-тозаң, жел азайды. Орманда арнайы жидек ағаштары отырғызылып, аң-құс пайда болды. Егілген ағаштар елорда тұрғындары мен қонақтарының демалысына қажетті жағдай туғызады. Мұнда
