ІІД: “Жаңа өмір” шіркеуін тінту кезінде қару табылды
“Жаңа өмір” шіркеуінде шіркеу әін айтып тұрған адамдар. Алматы, 28 қаңтар 2013 жыл. Алматыда “Жаңа өмір” евангелдік христиан сенімі шіркеуі” діни бірлестігінің кеңсесін тінту кезінде тіркелмеген қару мен оқ-дәрілер табылды деп хабарлады Алматы қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Департамент мәліметіне қарағанда, діни бірлестіктің бас кеңсесіне тінту 25 наурыз күні ұйым жетекшісінің “аса ірі көлемде қаржы жымқыруына” қатысты іс бойынша жүргізілген. “Жаңа өмір” шіркеуі кеңсесімен бірге ұйым жетекшісі Сергей Заикин мен пастор Лариса Максимованың тұрғылықты жеріне де тінту жасалған. “25 наурызда бірлестіктің бас кеңсесі мен жетекшісінің тұрғылықты жеріне тінту жасалып, қаржылық құжаттар мен ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты материалдар тәркіленді. Тәркіленген материалдарға сараптама тағайындалды. Бұдан өзге, тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер
