Жаңғақ өттегі тасты түсіреді
Адам ағзасының қызметін қалыпта ұстап отыру үшін күнделікті рационға жаңғақтың түр-түрін енгізіп отырған жөн, себебі жаңғақтар — ми, жүйке жасушалары мен сүйектердің қызметі үшін қажетті бағалы қорек. Тал жаңғағының құрамында А, С, РР, В тобының дәрумендері, барлық қажетті амин қышқылдары, фосфор, калий, темір, магний, мырыш сияқты минералды элементтер бар. Жаңғақтар клетчаткаларға бай және асқазанның перистальтикасына әсер етеді. Оларды бауыр ауруларында, атеросклерозда және кейбір жүрек-қан-тамыр ауруларында қолданған дұрыс. Бұдан басқа, гастритте қышқылды қалпына келтіреді. Миды қуаттандырады. Жаңғақтың құрамындағы белоктализин мен фосфатид ми жасушаларын жандандырып, жүйке қуатын жоғарлатады. Холестеринді төмендетеді. Жаңғақ дәнінің құрамында 65% май бар. Ол адам денесіндегі қан айналысын жақсартуға көмектеседі. Өтке байланған тасты ерітеді. Жаңғақ дұрыс тамақтанбаудан өтке