ЖЫР ЖАЗЫП ОТЫР
Жыр жазып отыр, жыр жазып отыр бір адам, Тәңірден мен несібемді сұрағам. Мынау дала, су, топырақ, таулардан… Шұрайлы тіл мен орамды ой сұранам. Жыр жазып отыр, жыр жазып отыр бір адам, Шатқалдан сулар төменге қарай құлаған. Шығармасы сәтті шыққай илләһи, Қолдағайсың Көкше әулие, БІР АЛЛАМ. Жыр жазып отыр ауыр бір ойлар арқалап, Тамашада тұр дөңгеленіп байтақ, шартарап. Жұртына бақыт, жеріне тыныштық әкелмек, Көлеңкесімен қарашаны қалқалап. Жыр жазып отыр ауыр бір ойлар арқалап, Алдында жатыр ойларға жүкті әр парақ. Тартпақшы ертең туған мекенге, өлкеге, Құрмақшы ертең салдарша бір салтанат. Жыр жазып отыр түсті ме әлде есіне, Қара-Ертістей асау тулайды шабыт көсіле. Жыр жазып отыр, шалқыды ақын
