ЗУҚА БАТЫР (1866-1929)
Зуқа Батыр, Шығыс Қазақстанның Сауыр айналасында Зайсан ауданына қарасты ауылдық жерде; әкесі Сәбит, осы облысқа қарасты Қалбатауы етегінде дүниеге келді. Ұлы аталарынан Бұқарбай Батыр, Абылайханның оң қолынан орын алған Жәнібек Батырдың жауынгерлерінен еді. Сондықтан Бұқарбай Батырдың ұрпақтарынан Сәбіттің әкесі Нұрмұхаммет Абыз, аталарының досы Уәлдән Хазрет пен танысты. Уәлдән Хазреттің тегі, Қожа Ахмет Яссауиге негізделген. Осы нәсілден келгендер Ишан деп аталады. Қазақтың құрамына енген бұл руға Қожа делінеді. Зуқа Батыр, осы нәсілден болған шешеден дүниеге келген үшін алғашқы ұлдарына, Хазрет Алидің қасиеттік атауларының атын қойған. Қожалардың ішінен шыққан ғалымдар, “Хазрет Ата” деп те аталған. Сондықтан ол дәуірде Уәлдән Хазреттің ел ішінде орны бөлек еді. Бала Нұрмұхаммет, ата жолдастығына орай Уәлдән Хазреттен