ӨЗГЕ ЕЛ АЗАМАТТЫҒЫНАН БАС ТАРТҚАН ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫ
Мағжан Бейсен Үлкен спортқа енді ғана аяқ басып, тәжіирбе жинау кезеңінде көптеген спортшылар бапкердің талаптарынан шыға бермейді. Жас спортшылар көбінесе өз мықтылығын кеш танытып жатады. Енді біреулері өзге елдің азаматтығын алып, әлемдік жарыстарда мықтылығын дәлелдеп жатады. Ал енді біреулері өз елінің намысын әлемдік сындарда абыроймен қорғап, өзге мемлекеттен ұсыныс түскен жағдайда бас тартып жатады. Бүгін басқа ел ұсынысынан бас тартқан қазақстандық атлеттер туралы сөз етпекпіз. ЗАРИНА ДИЯС Қазақ теннисінің қазіргі белді өкілдерінің бірі Зарина Дияс соңғы жылдары халықаралық жарыстарда көзге түсіп жүр. Алматыда туылып, 4 жасында ата-аналарының жұмысына байланысты Чехия мемлекетініне көшіп кеткен. Тенниспен де алғаш рет осы мемлекетте айналысты. Кейінірек халықаралық жарыстарға Қазақстан атынан сынға түсті. Зарина Дияс қазақ жанкүйерлеріне алғаш