Жазылған жайға жауап: «Қара жорға» – Көшпенділік-Тәңірлік ерліктің жорғасы
BAQ.kz ақпараттық порталында жарияланған «Қаражорғаны” Қазақтікі ету – қазақты жарылқау емес, қазақты кемсіту» атты жазбаны оқығаннан кейін осы «Қаражорға» биін жеті атасынан бері билеп келген Қазақтың ұрпағы ретінде азаматтық көзқарасымды білдіруді жөн көріп отырмын. Бақ.кз редакциясы «Осы сұрақ сан рет көтерілді, бірақ бір мәмілеге келе алмадық. Себебі, “қазақтікі” дегендер де, “емес” дегендер де ұтымды уәж айта алмады» деген ескертпесі де түсініксіз. Егер көз-құлағы бар адамдар болатын болса «Қаражорға» жайлы нақты тарихи деректер, зерттеу мақалалары ұтымды уәж ғана емес, бұлтартпас тарихи фактілерді талай келтірген. «Қаражорға” ата-бабамыздан қалған би екен. Қазақстандық қазақтар “орыстанып, мәңгүрттеніп” кеткендіктен, бұл биді ұмытқан» деген сөзді автор қандай сілтеме негізінде айтып отырғаны белгісіз. Егер осы ойды шетелден келген мәдениеттанушы айтса, сілтеме