Мен орысқа да, америкалыққа да қажет емеспін. Өйткені ҚАЗАҚПЫН!
Анар Фазылжан, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары: — Жапониядағы «Никко» зерттеу орталығының президенті Мориату Минато Қытайда өмірге келген. Өте ерте уақытта әке-шешесімен Жапонияға қоныс аударған. Содан бері қытай тілінде сөйлемеген екен. Араға бірнеше жыл салып, Қытайға іссапармен келеді. Сенесіз бе, Қытайға келгенде ол кенеттен қытайша сөйлеп кеткен. Айналасындағы адамдар таң қалған. Бала ең бірінші қай тілде сөйлесе, қай тілде тілі шықса, соны өмір бойы ұмытпайды екен. Ал біз мектепті қойып, балабақшадағы тілі әлі шықпаған балаларға үш тілде білім беруді, дүниені танытуды бастап кеттік. Ғалымдар да «өз тілін жетік меңгерген адам ғана өзге тілді жетік меңгереді» дейді. Бұған сіздің көзқарасыңыз қалай? «Қазақстан-ZAMAN» газеті Көптілділік мемлекеттік тілге қызмет етуі тиіс! —