АЛАШТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТҰЛҒАСЫ
Мырза Наурызбайұлы Биыл Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толмақ. Бұл меже ЮНЕСКО аясында аталынып өткелі тұр. Ал, келесі жылы Түркістан автономиясы мен Алаш автономиясына – 100 жыл. Ғасырлық мерейтой! Осы тарихи даталарды байыптау мен зерделеу барысында біз Алаш ұғымына кешенді қарағанымыз абзал. Ұлт зиялылары тарихында айтулы бір оқиға бар. Ол – 1924 жылы маусымда Орынборда өткен Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезі (түпнұсқа атауы). Бұл – ХХ ғасырдың бас ширегіндегі ағартушылық, дүниетанымдық, ғылыми бағдары жөнінен ең маңызды жиын болатын. Сол сиезге қатысқандар кейін, 30-жылдары түгел дерлік нақақ репрессияланды, атылды. Арасында жалғыз адам тірі қалды. Ол – Мырза Наурызбайұлы. 20-жылдары Шығыстағы ең ірі саяси мәселенің бірі – «Орта Азия мен Қазақстанды