Назарбаев: балаларымды мұрагер ретінде қарастырмаймын
Назарбаев Bloomberg сайтына сұхбат беріп отыр. Астана. 23 қараша 2016 жыл. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg сайтына сұхбат берді. 23 қарашада жарияланған сұхбатта Назарбаев мұрагерлік туралы айтқан. “Билікті табыстау Қазақстан конституциясында жазылған. Барлығы заң негізінде болады. Балаларымды президенттікке мұрагер ретінде қарастырмаймын. Бұл бізге сай емес” деді Назарбаев өз сұхбатында. Бұған қоса ол 2020 жылға дейін жұмыс істеуге күш қуаны мен энергиясы жететінін де айтты. 23 қараша Астанада парламенттің біріккен жиынында депутаттар Назарбаевтың Қазақстанды дамытуға қосқан үлесін конституцияда көрсетуді, Астана қаласының атауын Назарбаевтың есімімен байланыстыруды ұсынған. 76 жастағы Назарбаев Қазақстанды 1991 жылдан бері басқарып келеді. 2010 жылы қабылданған “ұлт көшбасшысы” заңына сай Қазақстанның бірінші президенті қызметінен кеткеннен кейін қызмет еткен жылдарда