Қанатты сынау үшін алдымен Қанат Исламдай болып алсын – Мұхтархан Ділдәбеков
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Қанат Ислам туралы жазылған соңғы мақалаға қатысты пікірін білдірді. Бүгін қазақстандық басылымдардың бірінде “Қанат Исламды қай нәтижесі үшін елге үлгі етіп жүрміз?” деген атпен материал жарық көрді. Мақаланың авторы (фейк автор) отандасымызды сынағандай болған. Тіпті сынау деуге де келмейді. Қаралаған. Өйткені, боксшымыздың кем тұстарын (өзінің ойынша) тізбектеп, бірақ одан шығатын жолды, шешімін көрсетпепті. Vesti.kz порталының тілшісі осы материалға байланысты Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің пікірін сұрап көрген еді. “Қанатты сынау үшін, алдымен Исламдай болып алсын жұрт. Қазақ десе өзіңе тиеді. Аяқтан шалғаннан басқа ештеме білмейтін сияқтымыз. Қараңыздаршы, қайсібір орыс тілді сайт Головкиннің осы деңгейге жеткенге дейін сынға алған еді. Кім тиісіп,