Назарбаев Ақышевқа: Ешкімнен қорықпа
© Тқрар Қазанғапов Мемлекет басшысы Ұлттық банктің төрағасының сөзін сөйледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкімет үйінен. Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы қаржы мекемесінің жұмысы туралы есеп берді. Баяндамадан кейін Президент министрлер кабинетінің мүшелеріне Ақышевты қорғап сөйледі. “Менің ойымша, Ұлттық банк өткен жылы ауыр болғанына қарамастан, жақсы жұмыс істеді. Мен қазір банктің мүмкіндігін заңды деңгейде күшейту үшін тапсырма бердім. Осындай құқық беру керек. Ұлттық банктің ісіне араласу еліміздің қаржы жүйесіне араласу деп санап, жазалау керек. Менің байқауымша, Ұлттық банк тәртіп орнатқан сайын, Ұлттық банк төрағасына шабуылдар да көбейіп кеткен”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Ұлттық банк төрағасын жүз пайыз қолдайтынын айтты. “Мұны акционерлер