Елбасы Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне диплом беру рәсіміне қатысты
Жиналғандарға сөз арнаған Мемлекет басшысы түлектерді, олардың ата-аналарын, Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін, басшылықты, профессорлар мен университет қызметкерлерін алғашқы лектің бітіруімен құттықтады, сондай-ақ меценаттарға алғыс айтты-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев диплом тапсыру рәсімі университет қана емес, бүкіл республика үшін де маңызды оқиға екенін атап өтті. – Тарихымыздағы алғашқы халықаралық деңгейдегі ғылыми және білім беру орталығының – жетекші жоғары білім беру орнының тұңғыш түлектері енді бүкіл Қазақстанның өміріне араласқалы отыр. Еліміз жас, жан-жақты даярланған, білікті мамандардың жаңа буын өкілдеріне ие болды. Бұл әсіресе, Ұлт жоспары негізінде мемлекетті жаңғырту жөніндегі терең өзгерістерге кірісіп жатқан қазіргідей кезде айрықша маңызды, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Астанада осындай университет ашу арқылы жаһандық