Назарбаев әлеуметтік желілерді пікірталасқа арналған маңызды алаң деп есептейді
© Facebook.com/AkordaPress Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік желілерді пікірталасқа арналған маңызды алаң деп есептейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елбасының баспасөз хатшысы Дәурен Абаевқа сілтема жасап. Ақорданың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазылушылар саны 10 мыңға жетті. “Біздің жаңалықтарды үнемі оқып, пікір алмасып отыратындарға алғыс айтқымыз келеді. Біз сіздермен кері байланысу арқылы ғана жұмысымызды жақсарта аламыз”, – делінген хабарламада. “Мемлекет басшысы уақытының тығыз болуына қарамастан әлеуметтік желілердегі негізгі трендтерден хабардар болып отырады. Ол әлеуметтік желілерді пікірталасқа арналған маңызды алаң деп есептейді”, – деді баспасөз хатшысы.